13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Серік Жұманғарин Вьетнамға ТХКБ қуатын пайдалануды және Қазақстанда электромобильдерге арналған батареяларды шығаруды ұсынды

30 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Серік Жұманғарин Вьетнамға ТХКБ қуатын пайдалануды және Қазақстанда электромобильдерге арналған батареяларды шығаруды ұсынды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Вьетнам өнеркәсіп және сауда министрі Нгуен Хонг Зиенмен кездесу өткізді.

«Вьетнам Қазақстан үшін Азиядағы маңызды серіктестердің бірі болып табылады. ҚР Президентінің былтыр тамыздағы Вьетнамға ресми сапарының қорытындысы бойынша біз екіжақты қарым-қатынастарымыздың жоғары белсенділігін атап өтеміз: тауар айналымы 85% -ға өсіп, шамамен $1 млрд-қа жетті. Елдеріміз арасында аптасына 13 әуе рейсі орындалады. Ұшу географиясын кеңейтуге дайынбыз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар вице-премьер вьетнамдық компанияларды Транскаспий халықаралық көлік бағытының мүмкіндіктерін зерттеуге шақырды. Бұл вьетнамдық экспортқа теңіз бағыттарына қарағанда шығыстан батысқа қарай 3-4 есе жылдам жүруге мүмкіндік береді, бұл шығындарды айтарлықтай азайтады.

«Біз ТХКБ Азия мен Еуропа арасындағы ең оңтайлы бағыт деп есептейміз. Сондай-ақ Ляньюньган теңіз портындағы Қазақстан-Қытай терминалының және Сиань құрғақ портының қуатын іске қосуды ұсынамыз», — деді ол.

Кездесу барысында тараптар сирек кездесетін металдарды өндіру және өңдеу саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Вьетнам делегациясына электромобильдерге арналған литий-ион батареяларын өндіру үшін Қазақстандағы ірі литий кен орындарына назар аударуға ұсынылды, бұл Қазақстанның жоғары технологиялық секторының өсуіне, ал вьетнамдық автоөндірушілерге өздерінің бәсекелестік артықшылықтарын сақтауға мүмкіндік береді.

Анықтама: 2023 жылы Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тауар айналымы 2022 жылмен салыстырғанда $979,2 млн құрады – өсім 85,4% ($528,3 млн). Экспорт $180,2 млн (+ 44,1%), импорт – $799 млн (+ 98%).

 

 

 

Previous Post

Итальяндық компаниялар Қазақстанда жобаларды іске асыруға мүдделі

Next Post

Қазақстан мен Германия АӨК, ТМК, энергетика, көлік және логистика салаларында бірлескен жаңа жобаларды іске асыруға мүдделі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі