13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Римде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан Сыртқы істер министрлерінің консультациялары өтті

30 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Римде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан Сыртқы істер министрлерінің консультациялары өтті

MFA KAZAKHSTAN

Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан тарапының бастамасымен «Орталық Азия – Италия» III Министрлік конференциясы аясында Римде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның сыртқы саяси ведомстволары басшыларының консультациялары өтті.
Кездесу барысында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесулерінің форматы шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Сұхбаттастар достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көліктік және мәдени-гуманитарлық салалардағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
ҚР СІМ басшысы М.Нұртілеу мұндай іс-шаралар аймақтың одан әрі даму векторын сенімді түрде айқындауға мүмкіндік бере отырып, халықаралық саясаттың маңызды факторына айналғанына назар аударды.
Министрлер өзара қызығушылық тудыратын өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарын теңестірді». Тараптар сондай-ақ көпжақты құрылымдар және ОА+ форматтары шеңберіндегі өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.
Ал өткен жылы СІМ басшылары саммиттің күн тәртібі мен қорытынды құжаттарының жобаларын жан-жақты қарастырды. Сондай-ақ, сауда-экономикалық, көлік, гуманитарлық салалардағы өңірлік өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың жай-күйі мен перспективалары және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланған еді.

Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді өз сөзінде Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық өзара іс-қимылы соңғы жылдары сапалы жаңа деңгейге көтерілгенін және бесжақты қатынастарда серпіліс жасалғанын атап өткен болатын.Кездесуге қатысушылар қырғыз тарапына іс-шараны сапалы ұйымдастырғаны және Қырғызстанның өңірлік интеграцияны одан әрі дамытуға бағытталған күш-жігері үшін алғыс білдірген болатын.

Previous Post

Түркістан облысында қалдықтарды өңдеп, ауыл шаруашылығына қажетті заттар шығаратын цех бар

Next Post

Қазақстан СІМ басшысы «Орталық Азия + Италия» III Министрлік конференциясына қатысты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі