13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Азық-түлік бағасын ұстап тұруға 8,7 млрд. теңге бөлінген

30 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Азық-түлік бағасын ұстап тұруға 8,7 млрд. теңге бөлінген
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте әлеуметтік азық-түлік тауарларын тұрақтандыру үшін 8,7 млрд. теңге бөлінген. Бірақ, 207 кәсіпкерлік нысан бағаны өсірген. Қазір қаладағы 70-ке тарта сауда нүктесінде 19 түрлі тауар арзан бағада сатылып жатыр.

Шымкентте 207 кәсіпкерлік субьектісіне әлеуметтік азық-түлік бағасын қымбаттатқаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы экономикалық тергеп-тексеру департаментінтінің өкілдері айтты. Сөздерінше, осы жылы қалада әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 8,7 млрд. теңге бөлінген. Күнделікті тұтынатын тауарлар қазір 70 орында саудаланып жатыр. Оларды тексеру үшін мамандар мемлекеттік кірістер басқармасына өтінішін жеткізді.

«Аралау кезінде әлеуметтік тауарлардың үстеме ақысын асырмау туралы түсіндірме жұмысы жүргізіледі. Бірақ кәсіпкерлер түбіртек бергісі келмейді. Біз бар құзырымызбен түсіндіреміз. Бұл іске кірістер басқармасы да қосылса, олар алгоритмде бекітілген. ЕШФ-ны кірістер департаменті өздері бізге тұрақты түрде жолдап тұрса екен. Себебі бізде 3-ақ маман бар. Оның 1-еуі күні бойы осы ЕШФ-мен отырады», – дейді Шымкент қаласы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Оспан Әбиев.

Ал салық саласының маманы кәсіпкердің бәрі түбіртек беруге міндетті екенін айтады. сонымен қатар олар алдағы уақытта сұратқан құжаттарын жібереміз дейді.

«Төлем жасайтын кәсіпкердің бәрі түбіртек беруге міндетті. Ал олар бізге 19 азық-түлікті сататын кәсіпкердің тізімін берсе, ЭШФ-сын бере аламыз. Ал барлық кәсіпкерді беру мүмкін емес. Себебі оның ішінде құрылыспен айналысатыны бар. Олар бұл салаға керек емес», – дейді Шымкент қаласы МКД өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Жомарт Арынтаев.

Әлеуметтік азық-түлік тауарларын сататын дүкен иелері үстемақыны 15 пайыздан асыра алмайды. Бірақ тексеріс барысында 40 пайызға дейін бағаны көтеру жайы анықталған.

«Бүгінде 120-ға жуық өнімсіз делдал жойылып, сауда орындарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тікелей өндірушіден сатып алу бойынша ұсыныстар берілді. Балалар үйі, мектепке дейінгі мекемелерге тауарлар 15 пайыз емес, 40 пайызға дейін көтерілген. Соған байланысты хат жібердік. Оған шешім шығатын болады», – дейді Шымкент қаласы бойынша ЭТТД екінші жедел басқармасының аға жедел уәкілі Бақдәулет Мырзалиев.

Айта кетейік, биыл тауық еті мен картоп – 13%, сәбіз, жұмыртқа – 8.6%, пияз 8.2 пайызға қымбаттады. Ал қырыққабат 32,7 пайыз, қарақұмық 28.3%, күнбағыс майы 17.6 пайызға арзандады.

Previous Post

Қаладағы медицина ұйымдары барлық жағдайға дайын

Next Post

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ ҚАУЫНДАРЫ РЕСЕЙГЕ ЖӨНЕЛТІЛУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі