13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

31 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының Білім басқармасының қамқорлық пен қорғаншылық бөлімінің ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай, «Балалардың құқығын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жиынға Шымкент қаласының Білім басқармасының басқармасының қамқорлық пен қорғаншылық бөлімінің басшысы мен мамандары, Шымкент қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі –бала құқықтары жөніндегі уәкілі, №1, №2 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының басшылары, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының директоры, Қосымша білім беру оқу салалық орталығының әдіскері және Шымкент қаласы Полиция департаментінің өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелді ашқан Шымкент қаласының Білім басқармасының қамқорлық пен қорғаншылық бөлімінің басшысы Нұрдаулет Абылаев «Адам құқығы – бала құқығын қорғаудан басталады. «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» заңға сәйкес тегіне, нәсіліне және ұлтына, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, дінге деген көзқарасына және тұрғылықты мекенжайына қарамастан барлық баланың құқығы тең. Бүгінде бала құқығын қорғау – мәселесі өте өзекті. Әсіресе, бұқаралық ақпарат құралдарында бала құқығының сақталуына ерекше мән беруге тиіспіз. Біздің басты мақсатымыз – балалардың құқығын қорғау, құқығы бұзылған болса, оны қайта қалпына келтіру. Оқушылар мәселесі ата-аналармен, жеке тұлғалармен, мемлекеттік орган, мемлекеттік ұйымдармен бірлесе шешіледі», – деп атап өтті.
Балаларды қорғау — балаларды әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғаудың халықаралық және отандық жүйелері. Балаларды қорғаудың халықаралық күні 1949 жылы қарашада Әйелдердің халықаралық демократия федерациясы кеңесінің сессиясында қабылданған. 1950 жылдан бастап маусымның 1-Дүниежүзілік балаларды қорғау күні болып атап өтіледі. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1989 жылы Бала құқықтары жөнінде конвенция қабылдады. Ондағы басты мәселелер: балаларды (2—18 жас) соғыс қаупінен қорғау, денсаулығын сақтау, демократия негізде тәрбие, білім беруді жүзеге асыру идеялары.

Previous Post

БІЛІМІМЕН ТОП ЖАРҒАН

Next Post

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі