Свинка (шошқаборық) немесе эпидемиялық паротит – өте жұқпалы ауру. Ауру ауа арқылы немесе беткейлерге тамған жұқпалы сілекей тамшылары арқылы беріледі. Әдетте свинка (шошқаборық) еш асқынуларсыз және оңай емделеді, бірақ кейбір жағдайларда бұл бездердің немесе органдардың қабынуын тудырып, бедеулік пен кереңдік сияқты ұзақ мерзімді денсаулық проблемаларына әкелуі мүмкін. Паротит инфекциясының кіреберіс қақпалары ауыздың, мұрынның және көмейдің шырышты қабаттары болып табылады. Қоздырғышқа ең сезімтал сыртқы секреция бездері, әсіресе ең алдымен сілекей бездері.
Паротит белгілері: Инкубациялық кезең – жұқтырған эпидемиялық паротитпен байланысқан сәттен бастап алғашқы белгілерге дейін 15-24 күн ішінде болады. Кейбір адамдарда алдан ала продромальды белгілері, жалпы әлсіздік бас ауыруы және бұлшық ет ауыруы, дене қызуының 37-38 градусқа дейін көтерілуі, тамақтың қызаруы, тәбеттің төмендеуі байқалуы мүмкін. Тек 1-2 күннен кейін паротитке тән типтік синдромдары – интоксикация және бездердің қабынуы дамиды. Көбінесе инфекциялық процесске құлақ айналасындағы сілекей бездері тартылып, паротит ауруы дамиды. Алғашында құлақ қалқасының айналасында ауырсыну сезімдері пайда болып, 1-2 күннен соң осы маңайда ісіну пайда болады. Ісік бет әлпеті мен жақтарына жайылып, ісікті басқанда пациент ауырсынуды өткеріп, сөйлегенде және шайнағанда ауырсынуы күшейе береді. Келесі 2-3 күн барысында қабыну екінші құлақ айналасындағы бездерге немесе ағзаның басқа да бездеріне жайылып өтуі мүмкін.
Паротиттің арнайы емі жоқ. Пациенттердің көпшілігі эпидемиялық паротиттен денеге қандайда бір жағымсыз салдарынсыз сауығып кетеді. Вакцинацияланбаған жасөспірімдер мен ересектерде асқынулардың даму қаупі жоғары.
Эпидемиялық паротиттің алдын алу негізі — егудің ұлттық күнтізбесіне сәйкес вакцинация алу. Жоспарлы егуді 12 айға дейінгі балаларға жүргізеді, содан соң 6 жасында қайта егіледі (ревакцинация). Вирусқа қарсы иммунитет 80% жағдайда қалыптасады. Егер адам ауырып қалса, инфекция асқынусыз, жеңіл формада өтеді.
Нышанов Нұрбек Садықбекұлы
ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы