13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Балаларды сауықтыру лагерлері санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай ма?

28 мая, 2024
in Денсаулық
0
Балаларды сауықтыру лагерлері санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай ма?
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы аумағында 32 жазғы сауықтыру лагерлері балалардың демалысын ұйымдастыруға дайындық жұмыстарын бастаған. Оның ішінде 12 мемлекеттік (11 маусымдық , 1 жыл бойы жұмыс жасайды), 20 жекеменшік лагерь орналасуы бойынша Түркістан облысы аумағында болғандықтан өтініш түскен кезде СЭҚ беріліп, барлығы бақылауға алынады.
Оның ішінде 22 лагерге (мемлекеттік-10, жекеменшік-12) облыстық бюджет есебінен Түркістан облысының балалары демалады. Сондықтан Түркістан облысы білім басқармасының есебіне тек 22 лагерь енгізілген.
Қалған 10 лагерге (мемлекеттік-2, жекеменшік-8) Түркістан облысынан басқа өңірлердің балалары сауықтырылады. Мемлекеттік 2 лагерь: жыл бойы жұмыс жүргізетін Төлеби ауданындағы «Балдәурен» Республикалық оқу сауықтыру орталығына республиканың барлық өңірлерінің балалары, ал Сайрам ауданындағы «Ақсу» лагерінде Шымкент қаласы №3 Балалар үйінің тәрбиеленушілері сауықтырылады. Жекеменшік 8 лагерде ата-аналар қаржысы есебінен (путевка) Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Маңғыстау облыстардың балалары сауықтырылады.
Балаларды жазғы сауықтыру объектілерінің қызметін бастау, жазғы маусым кезінде жүргізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы №78 бұйрығында аталған санитариялық қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Маусымдық жазғы лагерьлерде балаларды сауықтыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар объектілерді пайдалануға беру алдында санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуы тиіс. Әр бір сауықтыру мекемесі дайындығының нәтижесіне қарай берілетін санитариялық-эпидемиологиялық сәйкестігі жөніндегі қорытындысы болмаған жағдайда, объектіге балаларды кіргізуге тыйым салынады.

Елемесов Бахтыораз Мизамұлы

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы орынбасары

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Next Post

Мемлекет басшысы Нидерланд Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рюттемен кездесті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі