Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыруымен ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Түркістан облысы бойынша департаментінің аға прокуроры А.Койшибаевтың, бөлім прокуроры Қ.Күмісбековтің және аудандық, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары басшыларының ZOOM жүйесі арқылы онлайн қатысуымен «Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және тексеруді тағайындау туралы актілерінің тіркелуі және тіркеуден бас тартулар туралы» тақырыбында құқықтық оқыту, түсіндірмелер жиналысы өткізілді.
Сонымен қатар, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің және Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеудің, оларды тіркеуден бас тартудың және күшін жоюдың, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, мерзімдерін ұзарту туралы хабарламалардың, қатысушылар құрамын өзгертудің және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығының талаптарының сақталуы туралы айтылды.
Искаков Аскар Бекболатұлы
ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы орынбасары




