13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Туризм

“Nur Otan» : Шымкентте 2025 жылы туристер саны 1 млнға жетеді

25 декабря, 2020
in Туризм
0
“Nur Otan» : Шымкентте 2025 жылы туристер саны 1 млнға жетеді
Share on FacebookShare on Twitter

“Nur Otan»  партиясының сайлауалды бағдарламасын үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу қарқынды жүріп, бүгін де насихат топтары жұмысын жалғастыруда.

Жеке кәсіпкер, «Nur Otan» партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына үміткер, «Біргеміз, Қазақстан!» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тасқынбай Бұрлыбаев,  “Главстройнаб Алматы” ЖШС директоры Нұрдаулет Үмбеталиев және белсенді жас, қалалық жастар мәслихатының депутаты, Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясынан үміткер Жансері Суетовтерден тұратын насихаттық топ Ә.Қастеев атындағы Өнер және дизайн колледжінің ұжымымен кездесті.

Еліміздің жарқын болашағы үшін, балаларымыздың қолайлы, әрі қауіпсіз ортада өмір сүруіне ықпалын тигізіп келе жатқан «Nur Otan»  партиясына дауыс беруге шақырған насихат тобы Бас Партияның ұсынып отырған сайлауалды 5 жылдық бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныс-талаптарын тыңдап, алдағы күндері оң шешімін табуға атсалысатындарын жеткізді.

Партия бағдарламасына сәйкес, алдағы бес жылда «Nur Otan» партиясының бастамасымен  мынадай істер жүзеге асырылады:

 Ескі қалашықтағы «Цитадель» мұражайын қайта құру жұмыстары ағымдағы жылы аяқталады.

 2021-2022 жылдары Амфитеатр бой көтереді;

 2023 жылы Зообақ және Дендросаябақ жаңартылады;

 2024 жылы Қошқар ата өзенінің бойы абаттандырылады;

 2025 жылы Абдел-Азиз баб, Ибрагим ата, Мирали баб, Қарашаш ана, Қызыр мұнарасы, Сайрам (Исфиджаб) қалашығы толық жаңартылады;

 2022-2023 жылдары 3 тематикалық саябақ («Гастросаябақ», «Қызғалдақтар», «Дастархан» саябақтары) ашылады;

 Қалада мемлекеттік тілдің қолдану аясы кеңейтіліп, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін оқып-үйренуіне жағдай жасалынады;

 Этноконфессияаралық ахуалдарды мониторингілеу мен қарама-қайшылықтарды жедел оқшауландырудың тиімді тетіктерін қалыптастырады;

 Тарихи мұраны, археологиялық ескерткіштерді, архитектураны, мәдениет объектілерін сақтауға бағытталған ғылыми, археологиялық және туристік жобалар іске асырылады.

«Nur Otan» партиясы тұрғындардың сапалы өмір сүруі үшін нақты жоспарларды іске асырады. Сонымен қатар, партия алдағы бес жылда мәдениет және туризмді дамытуға бар күш жігерін жұмсайтын болады. Біз Шымкент қаласының туристік әлеуетінің, оның ішінде тарихи-мәдени және зиярат ету туризмі әлеуетінің жоғары екенін көрсетіп, 2025 жылға қарай туристер санын 1 млн-ға жеткіземіз»,  – деді үміткерлер.

Үміткерлерді жақсы қарсы алған колледж ұжымы 10 қаңтар күні саяси науқанда ҚР азаматы ретінде белсенділік танытып, саяси науқанда болашақ ұрпақтың қолайлы, қауіпсіз өмір сүруге ықпал ететін “Nur Otan” партиясына сенім артып, бас партияны қолдайтындарын жеткізді.

Сауатты да, көрегенді өткен кездесуде бағдарламаны мұқият тыңдаған қызметкерлерге акция аясындағы брошюралар мен Бас партияның сайлауалды бағдарламалары таратылды.

Шымкент қаласындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзNur OtanтуризмШымкент
Previous Post

Шымкенттік құрылысшылар «Nur Otan» партиясын қолдайды

Next Post

«Nur Otan»: Төлеби ауданы 100 пайыз газбен және ауыз сумен қамтылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі