13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

2024 ЖЫЛЫ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 200 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

28 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
2024 ЖЫЛЫ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 200 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда Еңбекші ауданы аумағында жарықтандырылған көше саны – 117 құрап отыр. 2022 жылдың өзінде әлеуметтік нысандарға жақын орналасқан 22 көше жарықтандырылса, 2023 жылы 28 көше жарықтандырылды. 2024 жылы бұл көрсеткішті ұлғайтып, 200 көшені жарықтандыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінде Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жарықтандыру жұмыстары басталып, қазіргі таңда Қазанқап ақын, Ынтымақ, Росси көшелерінде жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.Бүгінде Еңбекші ауданда ұзындығы 732,91 шақырымды құрайтын 728 көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 535,77 шақырымы асфальт, 158,38 шақырымы тас, 38,76 шақырымы топырақты құрайды.
Бүгінде ауданымызда жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен 2023 жылы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 73 көше орташа жөндеуден өтсе, 2024 жылға ұзындығы 56 шақырымды құрайтын 78 көшені жөндеу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда сметалық құжаттамалар әзірленіп, сараптама қарауына жолданды.
Еңбекші ауданда табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 90,7% құрайды. Оның ішінде: мемлекеттік жүйеде 81,8%, жекеменшік жүйедегі 8,9%-ды құрайды.
Бүгінде жалпы Еңбекші ауданы бойынша 2025 жылдың қорытындысымен жаңақұрылыс аймақтарындағы табиғи газ жүйесімен қамтылмаған 9,3%-ды құрайтын 5992 абонентті табиғи газбен қамтып, қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарланып отыр.
Бүгінде Еңбекші ауданы аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған.
Атап айтсақ:
— Ауыз сумен 97%-ға;
— Электр жарығымен 99,8%-ға;
— Табиғи газбен 90,7%-ға;
— Кәріз жүйесімен 41%-ға
— Асфальт жолмен 73,1%-ға қамтылған.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Previous Post

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: ЖАҢАҚҰРЫЛЫС АУМАҚТАРДЫ 2024-2025 ЖЫЛДАРЫ 100 ПАЙЫЗ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Next Post

​Г.СЫЗДЫКБЕКОВ: ВАЖНО НЕ ТОЛЬКО ПОДДЕРЖИВАТЬ ЧИСТОТУ, НО И СОБЛЮДАТЬ ПОРЯДОК НА УЛИЦАХ, ВО ДВОРАХ И ОБЩЕСТВЕННЫХ ПРОСТРАНСТВАХ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі