13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 13 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ ҚАСБЕТІНЕ МУРАЛ САЛЫНАДЫ

28 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 13 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ ҚАСБЕТІНЕ МУРАЛ САЛЫНАДЫ
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Қаратау ауданы аумағында су басу және көлдеу қаупі бар 33 мекенжай анықталып отыр. 2024 жылы 11 орынға (9,5 шақырым) ирригациялық арық жүйелерін салу жұмыстары жүргізіледі. Ал, қалған 9 орынды 2025 жылы атқару жоспарлануда.
Биыл Қаратау ауданы аумағындағы Т.Назарбеков, Ұ.Арғынбеков көешелерімен Н.Назарбаев даңғылы бойында орналасқан 13 көпқабатты үйдің қасбетіне Мурал салу 2024 жылдың жоспарына енгізілді.
Сонымен қатар, көп қабатты үйлердің қасбеттерін жөндеуге келер болсақ, бүгінде аудан аумағындағы орталық көшелердегі көп қабатты үйлердің қасбеттерін ретке келтіріп, жаңаша келбет қалыптастыру мақсатында тұрғын үй басқармасына 52 көпқабатты үйдің қасбетін реттеу және әрлеу үшін ұсыныс жолданып отыр.2024 жылы Қаратау ауданы аумағында жалпы 45 көшеге 33,2 км. асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. Аталған жұмыстардың аяқталуына орай, асфальттанған көшелер 77,6 % құрайтын болады.
Көпқабатты тұрғын үйлер аулалары мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бейберекет қоқыс тастау мәселесін алдын алу мақсатында цифрландыру басқармасы тарапынан 2024 жылы 130 бейнекамера орнату жоспарланып отыр.
Аталған бейнекамералар полиция департаментінің жедел басқару орталығына жалғану жұмыстары да жүргізілетін болады. Бүгінде Қаратау ауданы аумағында жалпы 595 көше бар. Оның 125 көшесі жарықтандырылған. Ауданды жарықпен қамту көрсеткіші 21 % құрап отыр. 2023 жылы аудан аумағындағы маңызға ие 19 көшені жарықтандыру жұмыстары атқарылса, тұрғындар тарапынан 18 көше жарықтандырылған.
2024 жылы дейін аудан аумағындағы 266 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр. Бұл жұмыстардың аяқталуына орай, жарықтандырумен қамту көрсеткіші 68 % құрайды.
Сонымен қатар, Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымды құрайтын – 595 көше бар. Бүгінде оның 414 шақырым асфальт, 197 шақырым шағал тас болса, 20 шақырымы топырақ көшелерді құрайды.

Previous Post

Ғ.СЫЗДЫҚБЕКОВ: ҚАЛАДА ТЕК ТАЗАЛЫҚТЫ ҒАНА ЕМЕС, ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ ДЕ САҚТАУ МАҢЫЗДЫ

Next Post

ҚАРАТАУ АУДАНЫ: 45 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі