13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІҢ «ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛІК ОРТАЛЫҚТАР» ӘДІСІ РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ БОЛЫП ОТЫР

28 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТІҢ «ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛІК ОРТАЛЫҚТАР» ӘДІСІ РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ БОЛЫП ОТЫР
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты емханалар жанына ашылған «Үздік тәжірибелік орталықтардың» жұмысы аймақтардағы медициналық ұйымдарға тәжірибе ретінде таратылуда.
Бүгін Маңғыстау, Ұлытау облыстарынан келген арнайы делегация қалалық №1, №6 емханалардың үздік тәжірибесімен танысты. Денсаулық сақтау ұйымдарының басшылығы өкілдері мен әлеуметтік қызметкерлер, психологтардан құралған 30-ға жуық маман жергілікті дәрігерлерден тәжірибе алды. Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Ізбасар облыста 3 үздік тәжірибелік орталық ашу жоспарланғанын жеткізді.
— Бүгінде Шымкентте іске қосылған орталықтар өз нәтижесін көрсетуде. Сондықтан тәжірибе алмасу арқылы медициналық қызмет көрсетудің жаңа моделін енгізуді мақсат етіп отырмыз. №6 емханада бұл жұмыстар жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына көз жеткіздік. Халыққа көрсетілетін медициналық қызмет инновациялық-технологиялармен ерекшеленеді. Қазір халықтың талабына орай қызметтің де сапалы болуы маңызды — дейді Бекболат Оразбайұлы.
Делегация емханада өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы, халық кеңесі, тренинг орталықтары, патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті модель бөлмесі, денсаулық мектептерінің жұмыстарымен танысып шықты.
Үздік тәжірибелік орталықтың ерекшелігі – әлеуметтік, медициналық қызметтер біріктірілген. Бір топта мейіргер, әлеуметтік қызметкер, психолог мамандардан құралған мультидициплинарлық команда жұмыс істейді. Басқармаға қарасты №1, №3, №6,№7 емханалар жанынан Үздік тәжірибелік орталықтар ашылған. Соның ішінде жаңа модель алғаш болып №6 емханаға енгізілген. Үздік практика негізінде 141 маман біліктілігін арттырған. Бүгінде емханада дәрігерлер «Емхана науқастардың көзімен», «Емханадағы алғашқы 5 минут», «Мейігерлердің жеке қабылдауы» секілді 11 жаңа жоба аясында жұмыстар жүргізуде.

Previous Post

ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ «SHYMKENT INVEST» ФРОНТ-ОФИСІ АШЫЛДЫ

Next Post

Ғ.СЫЗДЫҚБЕКОВ: ҚАЛАДА ТЕК ТАЗАЛЫҚТЫ ҒАНА ЕМЕС, ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ ДЕ САҚТАУ МАҢЫЗДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі