13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

«Батыр ата» кооперативінің жұмысшылары «Nur Otan» партиясын қолдайды

24 декабря, 2020
in Cаясат
0
«Батыр ата» кооперативінің жұмысшылары «Nur Otan» партиясын қолдайды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттығына кандидат Гүлжан Құрманбекова Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан ауылындағы «Батыр ата» кооперативінің жұмысшы ұжымымен Экспромт-кездесу өткізіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Кездесуде үміткер алдымен ең басты сала — әлеуметтік салаға тоқталып өтті.

«Біз халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында өңдеу кәсіпорындарын дамыта отырып, Ордабасы ауданының артықшылықтары мен әлеуетін пайдаланатын боламыз. Атқарылатын жұмыстардың есебінен 6 ірі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Нәтижесінде мыңдай жаңа жұмыс орнын ашуға, жалақыны 180 мың теңгеге өсіріп, жұмыссыздық деңгейін 4,9%-ға төмендетуге қол жетеді» — деді Гүлжан Мамытқызы.

Жиында серіктестік жұмысшылары кандидатқа аудандағы өзекті мәселелердің бірі — жол мәселесі жайлы сауалдар жолдады. Гүлжан Мамытқызы партияның сайлауалды бағдарламасында бұл мәселе қамтылғандығын жеткізді. Оның айтуынша, «Nur Otan» партиясы елді мекенішілік және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мәселесін шешуге ықпал етеді. Басты міндет – 2025 жылға қарай аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын 84,8%-дан 94%-ға жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу. Нақты сандармен сөзін сабақтаған Гүлжан Мамытқызы тұрғындар үшін барлық ауылдарда сапалы және жақсы жолдар мен инфрақұрылым болуы тиіс екендігін атап өтті.

Кездесуде білім, медицина, кәсіпкерлік және әлеуметтік салаға қатысты бірқатар мәселелер айтылып, оны шешудің тетіктері талқыланды. Бас партияның сайлауалды бағдарламасымен толық танысқан «Батыр ата» кооперативінің жұмысшылары сайлауда бірауыздан  «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беретіндіктерін жеткізді.

«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Tags: 13kz13kz.kz13кзNur OtanГүлжан ҚұрманбековаТүркістан облысы
Previous Post

Ұстаздарды қолдау – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты

Next Post

Шымкенттік құрылысшылар «Nur Otan» партиясын қолдайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі