Кәсіпкерлерге қолдау көрсету жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Келес ауданында шығарылған алкогольсіз сусындар Ресейге экспортталып жатыр. «Әділетті Қазақстан» құру саясатының негізгі бір бөлігі – өндіріс саласын дамытып, еңбек адамдарының құқығын қорғау және қолдау көрсету. Осыған орай, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы нысандарын аралады. Оларды дамыту жолдарын бірге қарастырды. «Мерген-Н» ЖШС-нің минералды су, алкоголсіз сусындар шығаратын зауытының жұмысымен танысу барысында да өңір басшысы мемлекетті дамытудағы негізгі қозғаушы күш кәсіпкерлік екеніне тоқталды. Жауаптыларға инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлерге қолдау көрсету жұмыстарын жандандыруды тапсырды. «Біз жергілікті өндірісті дамытып, экспортты ұлғайтсақ қана өңір бюджеті толығады. Осы бағытта жұмысты күшейту керек», – деді облыс әкімі. Айта кетейік, бүгінде «Мерген-Н» ЖШС-нің өнімдері елімізбен қатар Ресейге де экспортталып жатыр. Жобалық қуаттылығы – сағатына 2,5 мың дана. 2002 жылы іске қосылған зауытта 35 адам жұмыс істейді.
Жалпы былтыр Түркістан облысы ауыл шаруашылығында 1 трлн теңгеден аса өнім жиналып, республикада көш бастады. Аймақ басшысы жылыжай шаруашылықтарын қолдаудың жаңа тетіктері әзірленіп, жылыту шығындарын субсидиялау ережесі бекітілгенін жеткізді. Ал жылыжайларды бір орталықтан қатты отынмен қамтамасыз ету үшін арнайы кооператив құрылып, көмір өндірушілерден тікелей тасымалдау келісілгенін айтты.
Сонымен қатар, мақтаның нарықтық бағасының экспортқа тәуелді және жыл сайынғы құбылмалы өзекті мәселе болуына байланысты мақта-тоқыма кластерін құру жобасы әзірленген.
«Қазіргі таңда шетелдік ірі тоқыма компанияларымен Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы бюірқатар жобаларды жүзеге асырып, мақта бағасына экспорттық тәуелділікті төмендетуді көздеп отырмыз. Сондай-ақ, мақта дақылын рентабельділігі жоғары дәндік жүгері дақылдармен алмастыру мақсатында «Жылына 150 мың тонна жүгері дәнін терең өңдеу зауыты» жобасы жүзеге асырылуда. Құрылыс басталды, 2025 жылдың соңына дейін аяқталады», – деді облыс басшысы.
Дархан Сатыбалды Түркістан өңірінің ал шаруашылығының дамуы бойынша да алдыңғы қатарда екенін атап көрсетті. Оның мәлі метінше, мал басы өнімділігі орташа есеппен 5 пайызға өсуде.
«Ет экспорты бойынша облыс республикада көш бастап тұр. Экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 85 пайызы, ұсақ мал етінің – 60 пайызы біздің үлесімізде», – деді өңір әкімі.