13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Nur Otan: Сайрамда алдағы 5 жылда шағын және орта бизнес өкілдерінің қатары 20 мыңға жетпек

21 декабря, 2020
in Қоғам
0
Nur Otan: Сайрамда алдағы 5 жылда шағын және орта бизнес өкілдерінің қатары 20 мыңға жетпек
Share on FacebookShare on Twitter

    Nur Otan: Сайрамда алдағы 5 жылда шағын және орта бизнес өкілдерінің қатары 20 мыңға жетпек     Түркістан облысында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті. Айталық, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында облыстық мәслихат депутаттығынан үміткерлер Жансерік Мұсаханұлы мен Бадриддин Нышанкулов Сайрам ауданындағы  «НИК» сауда орталығының қызметкерлерімен экспромпт кездесу өткізіп, өзара пікір алмасты.
Үміткерлер кездесу барысында партия тарапынан алдағы 5 жыл көлемінде аудандағы кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдаулар туралы жан-жақты баяндап берді. Төтенше жағдай кезінде аудан аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өзінің қызметін тоқтатқаны белгілі. Осы орайда партия зардап шеккен бизнес нысандарының  қызметін қалпына келтіруге күш салмақ. Сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасайтын болады.
«Ол үшін партия  «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен жыл сайын 11 кәсіпкерге қолдау көрсетуге, оның ішінде 6 жобаны субсидиялауға, 5-ін кепілдендіруге, 1-ін инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге және 2 азаматқа грант ұсынуды қолға алғалы отыр. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға жыл сайын 150 стартап гранттар мен 120 несие алуына жағдай жасауды, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес» курсымен жыл сайын 200-ден аса азаматты өз кәсібін ашуға оқытуды жолға қояды», — деді облыстық мәслихат депутаттығынан үміткер Жансерік Мұсаханұлы.
Бұдан бөлек, партия «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жыл сайын 13 жаңа жобаны  несиелендіруді және қаржыландыру орталықтары арқылы  жылына 245-тен аса жобаны іске асыруға ықпал етеуді көздеп отыр.
Егер жоба-жоспарлар толығымен іске асса,  2025 жылға дейін аудандағы белсенді шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының үлесін 95,5 пайызға, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлер санын 17525 бірлікке, жұмыспен қамтылатын жұмыскерлер қатарын 29 мыңға жеткізуге болады.
Кездесу барысында сауда орталығының қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерді жеткізді. Ол мәселелер алдағы уақытта партия тарапынан қолдауға ие болып, өз шешімін таппақ.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Tags: 13kz13kz.kz13кзNur OtanСайрам ауданыТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

«Ikomek» тұрғындарға маршруттар туралы онлайн мәліметтер беруде

Next Post

Nur Otan: В ближайшие 5 лет в Сайраме количество субъектов малого и среднего бизнеса достигнет 20 тысяч

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі