13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Ең үздік рәміздік топ» байқауы өтті

21 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Ең үздік рәміздік топ» байқауы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Іс-шара 6506 әскери бөлімі оркестрінің Мемлекеттік Әнұранды орындауымен басталды. Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты Оқушылар сарайы дәстүрлі түрде Шымкент қаласы мектептерінің рәміздік топтары арасында аудандық байқау ұйымдастырылды. Аудандық байқау жеңімпаздарымен «Ең үздік рәміздік топ» байқауының суперфиналы Оқушылар сарайы базасында өтті. Іс-шара 6506 әскери бөлімі оркестрінің Мемлекеттік Әнұранды орындауымен басталды. РҚБ «Жас ұлан» ұйымының туы жиынға енгізілді. Байқауда рәміздік топтар саптық жаттығу жасап; дабыл үнімен бір мезгілде жүруді бастап және аяқтап, дабылшылар берілген 5 маршты ойнады. Орталық Азия инновациялық институтының әскери дайындық факультетінің студенттері саппен жүріп өтті және «Рух» әнін орындады. Қатысушы командалардың барлығы саптық патриоттық әндер орындады. ІІ кезеңінде топ басшысы мен топ мүшесі Калашников автоматын берілген уақытқа шашып жинады. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде — №87 жалпы орта білім беру мектебі, І орын — №99 мектеп гимназиясы; ІІ орын — №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беру мектебі, ІІІ орын — №68 жалпы орта білім беру мектебі, белсене қатысқаны үшін – Хамза атындағы №42 жалпы орта білім беру мектебі пен В.Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беру мектебі рәміздік топтары иеленді. Топтың Калашников автоматын берілген уақытқа шашуы және жинауы жеке бағаланып, Бас жүлдені №68 жалпы орта білім беру мектебі оқушысы К.Пердебек және Хамза атындағы №42 жалпы орта білім беру мектебі С.Сабиржанов; І орын — №87 жалпы орта білім беру мектебі, Н.Қаршыға мен Е.Әбдікамал , ІІ орын — №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беру мектебінен А.Абужапбар мен Ұ.Аманбай, ІІІ орын — №99 мектеп гимназиясынан И.Айдарбек пен пен В.Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы А.Шарманова иеленді. Жеңімпаздар Қосымша білім беру оқу салалық орталығының мадақтама қағазымен марапатталды. Жүлделі орын иегерлеріне кубоктар табысталды.

Previous Post

Шымкентте кәсіпкерлер арасында байқау жарияланды

Next Post

Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі