Мемлекет басшысы халықтың 30 пайызын спортпен және тұрақты дене шынықтырумен айналысуын қамтамасыз ету үшін, бірінші кезекте бұқаралық спортты дамытуға және балалар мен жасөспірімдер арасында спортты насихаттауды жүктеген болатын.
Қазақстан Республикасы — жүзден астам этнос тұратын әлемдегі ірі көпұлтты мемлекеттердің бірі, олардың әрқайсысының бірегей айрықша материалдық және рухани мәдениеті бар, оның ажырамас құрамдасы тамыры тереңде жатқан дәстүрлері бар бұқаралық халықтық спорт түрлері болып табылады.
Бұқаралық спорт қала халқының дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылдануын қамтуды ұлғайтудың басым бағыттарының бірі.
Спорт пен дене шынықтыру саласын дамытудың әлемдік тәжірибесі бұқаралық дене шынықтыру-спорт қозғалысын тиімді дамытудың нәтижесінде спортшылар Олимпиада ойындары мен халықаралық жарыстарда жоғары жетістіктерге қол жеткізетінін көрсетеді.Шымкент қаласында жасөспірім қыздар арасында баскетболдан турнир ұйымдастырылды. Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №86 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 18 мамыр күні Қазақстан Республикасының парламент мәжіліс депутаты Нұрлан Ауесбаев атындағы баскетболдан мектепте жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және баскетбол ойынын өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында 2011-2012 жылы туылған қыздар арасында турнир өтті. Турнирге ҚР парламент мәжіліс депутаттары Ауесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы, Нұрымова Гулдара Алданышқызы, Қасқарауов Данияр, Сатыбалдин Ерболат, Исабеков Данабек, Сайлаубай Наурыз және ҚР аналар қоғамдық қоры бірлестігінің кеңесшісі, Бақытжан Айнасқызы, 18 олимпиадалық резерв мамандандырылған спорт мектебінің директоры Карибай Серік Жәдігерұлы, мәдениет салаларының үздіктері Бегимбетов Хахмедин ,Асылбекұлы Қаныбек, Абай аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Дүрментаев Пердебек, ҚББ спорт бөлімінің басшысы Күзенбаев Нартай Қалабекұлы қатысты. Турнирге №21 Чехов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, №50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясы, №86 жалпы орта білім беретін мектеп, №89 ІТ мектеп-лицейінің баскетболдан қыздар командасы қатысты. №86 жалпы орта білім беретін мектебінің қыздар командасы бірінші орынды иеленсе, ІІ орынды №50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп –гимназиясының қыздар командасы жеңіске жетті. Ал, ІІІ орынды №89 IT мектеп –лицейінің қыздары лайық деп танылды.