13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ӨТІНІШ 20 МАМЫРДАН БАСТАП ҚАБЫЛДАНАДЫ

17 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
ӨТІНІШ 20 МАМЫРДАН БАСТАП ҚАБЫЛДАНАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейін төмендетудің бірден-бір жолы – азаматтарды кәсіпкерлікпен айналысуға бағыттау, яғни жаңа бизнес-идеяларды іске асыру болып табылады. Осы бағытта 2019 жылдан бастап халықтың осал тобына жататын азаматтарға қайтарымсыз негізде грант беріліп келеді.
Грант мөлшері 400 АЕК мөлшерінде беріледі (2023 жылы 1 350 000 теңге, 2024 жылы 3692х400=1 476 000 теңге). Грантқа үміткерлер, яғни халықтың осал тобына жататын азаматтар бірінші кезекте «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша оқып, арнайы куәлік алуы тиіс. Алынған куәлік 3 жыл мерзімге жарайды. Екіншіден, өтінімді Business.enbek.kz порталы арқылы онлайн режимде ұсынуы тиіс.
Business.enbek.kz порталында 20 мамырдан бастап 1-лек бойынша бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінімдер қабылдау басталады. Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда Мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.
2024 жылы грант екі лекте беріледі. Елдегі жағдайға байланысты бірінші лекке өтінім қабылдау уақыты кешіктіріліп, 20-30 мамыр аралығында 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз гранттың 1-легі бойынша өтінім қабылданады. Алғашқы лекте 213 адамға грант беру жоспарланған. Ал, республика бойынша бірінші лекте 4 500 адамға грант беру жоспарлануда.
Мемлекеттік грант қаражаты – әлеуметтік осал топтар қатарындағы адамдарға, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге бизнес әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Әлеуметтік осал топтағыларға: еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар; қолданыстағы «қандас» мәртебесі бар адамдар; өңіраралық қоныс аударушылар; атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және оның жұбайына төленетін жәрдемақы алушылар; мүгедектігі бар баланы (18 жасқа дейінгі бала) тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы); асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар кіреді.
Өтініш бергендер арнайы құрылған комиссияның алдында бизнес жоспарын таныстырады. Комиссия құрамына кәсіпкерлер палатасы, мүдделі басқармалар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері, бизнес, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, салалық сарапшылар кіреді.
Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады. Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Previous Post

ӘУЕ ШАБУЫЛЫНАН ҚОРҒАНЫС БРИГАДАСЫНА ЖАС САРБАЗДАР КЕЛДІ

Next Post

Шымкент қаласында мейіргерлер марапатталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі