13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚР СІМ-де Халықаралық Қызыл Крест Комитетімен одан әрі ынтымақтастық перспективалары талқыланды

16 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
ҚР СІМ-де Халықаралық Қызыл Крест Комитетімен одан әрі ынтымақтастық перспективалары талқыланды
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) өңірлік директоры Ариан Бауэрді қабылдады.
Кездесу барысында тараптар ҚР мен ХҚКК арасындағы ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ Қазақстанда және басқа да халықаралық алаңдарда өтетін алдағы іс-шараларды талқылады.
А. Бауэр ХҚКК-ға өзінің гуманитарлық миссиясын орындауда ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға алғысын білдірді. Қазақстанның өз азаматтарын қарулы қақтығыстар аймағынан, атап айтқанда Сирия мен Ирактан қайтару жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады.
Өз тарапынан қазақстандық дипломат Қазақстан Үкіметінің ХҚКК-мен тығыз ынтымақтастығын жоғары бағалады. Халықаралық гуманитарлық құқық бойынша ҚР мемлекеттік органдары үшін түрлі тренингтер мен семинарлар өткізу арқылы біздің еліміздің одан әрі бірлескен жұмысқа бейілдігін растады.
ХҚКК – негізгі мақсаты бүкіл әлем бойынша соғыс, зорлық-зомбылық және гуманитарлық апаттар құрбандарына көмек көрсету болып табылатын бейтарап және тәуелсіз халықаралық ұйым.
ХҚКК өз қызметін Орталық Азия елдерінде 1992 жылдан бастап жүзеге асырады. ХҚКК-ның Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігі Ташкент қаласында орналасқан. 2019 жылғы шілдеде Астанада ХҚКК өкілдігі ашылды.
Халықаралық Қызыл Крест комитеті – бейтарап және тәуелсіз үкіметтік емес ұйым, оның негізгі мақсаты – бүкіл әлемде соғыс, зорлық-зомбылық және гуманитарлық апат құрбандарына көмек көрсету.

ХҚКК Орталық Азия елдерінде 1992 жылдан бері жұмыс істейді, аймақтық өкілдігі Ташкент қаласында орналасқан. 2019 жылғы шілде айында Қазақстанда ХҚКК өкілдігі ашылды.

 

Previous Post

Емханада қандай медициналық қызмет көрсетіледі?

Next Post

Қазақстан мен Бразилия: түрлі салалардағы ынтымақтастықтың болашағы

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі