13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Түркістандық дзюдошы Дидар Хамза жаңа салмақта Қазақстан чемпионы атанды

21 декабря, 2020
in Спорт
0
Түркістандық дзюдошы Дидар Хамза жаңа салмақта Қазақстан чемпионы атанды
Share on FacebookShare on Twitter

Ақтау қаласында өтіп жатқан дзюдодан Қазақстан чемпионатында Түркістан  облысының талантты  балуаны Дидар  Хамза 90 келіге дейінгі салмақта алтын медальге ие болды. Бұл Түркістан облысы болып құрылғалы алғашқы алтын жүлде.  Чемпионатта топ жарғандар іріктеліп, төртжылдықтың басты додасы, келер жылы өтетін Токио олимпиадасының лицензиялық турнирлеріне қатыса алады.

Елішілік сайыста республикамыз бойынша  кілең мықты балуандар бақтарын сынауда. Бұрын 81 келіде бақ сынаған Дидар жаңа салмақта жеңіске жетіп отыр. Екінші орынды шымкенттік Ерсұлтан Мұзаппаров иеленсе, үшінші орынды Аслан Сағитбек (Қостанай облысы) пен Әділет Мисин (Ақтөбе облысы) еншілеген.

Түркістан облысының дзю-до күресінен аға жаттықтырушысы Серік Құлтаевтың айтуынша, ерлер мен әйелдер 7 салмақ  бойынша белдесуде. Әр облыс, қаланың бапкерлері Қазақстан  чемпионатына ең  үздік деген шәкірттерін алып келген. Боз кілемде белдесіп жатқан әйелдер арасында Түркістан облысының  дарынды  балуаны 70 келі салмақта өнер көрсететін Перизат Жақыпбекова күміс жүлдегер атанды.

Сонымен қатар, 81 келідегі жас балуанымыз Нұридин Ералхан қола  жүлдегер атанса, Молдаш Керімбек үздік  бестікке енді. Бүгін ерлер арасында 100 келі мен одан жоғары салмақтағы балуандар шеберліктерін көрсетеді. Ал, әйелдер  арасында 78 және +78 ден  жоғары бұрымды балуандар бақтары мен  баптарын сынайтын  болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кздзюдоДидар ХамзаТүркістан облысы
Previous Post

Шымкентте 14 интеллектуалды «сергек» камерасы орнатылды

Next Post

Бауыржан Байбек Елбасының жанында жүріп куә болған оқиға туралы айтты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі