13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Конго — Қырым қанды қызбасы

12 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Конго — Қырым қанды қызбасы
Share on FacebookShare on Twitter
Конго — қырым қанды қызбасы – вирустік трансмиссивті, табиғи ошақты жұқпа. Вирусты қосымша сақтайтын және тасымалдайтын жабайы жануарлар, ауылшаруашылық және үй жануарлары. КҚҚҚ трансмиссивтік (кене арқылы), қатынастық жануарлармен және адам арқылы ( қан арқылы) жұғады.
Аурудың жасырын кезеңі 1 — 3 апта, клиникалық белгілері: безгек, бас ауруы, буын сырқырауы, лоқсу, құсу және түрлі сатыда іш өтуі.
Геморрагиялық белгінің бастапқы кезеңі бөртпенің, инфекция жасалған жерде гематоманың пайда болуымен, мұрыннан және қызыл иектен қан кетумен сипатталады.
Осы кезеңде жатыр, ішек және бүйрек сияқты қан кету түрлері кездеседі.
Емдеу мекемелері Конго — Қырым қанды қызбасына күдікті жағдай немесе ауру анықталған уақытта тез арада шұғыл хабарлама беруі тиіс.
Конго — Қырым қанды қызбасымен аурушылықтың белгілері:
— кене шағу немесе онымен байланыс ( кенені алу, жаншу)
— 14 күн ішінде Конго — Қырым қанды қызбасы бойынша энзоотикалық аймақта болу ( табиғат аясына, балық аулауға және т. б. шығу)
— аурушылықтың пайда болуы ( сәуір — қыркүйек)
— қауіпті топқа жатуы ( сауыншылар, малшылар, малдәрігерлік қызметкерлер, малды союға, егінге, шөп шабуға қатынасатын адамдар, жеке мал қожайындары, медициналық қызметкерлер)
— Конго – Қырым қанды қызбасына күдікті ауруларға манипуляция жүргізу, зерттеуге материалдарды алу.
— Конго — Қырым қанды қызбасына күдікті науқастарды қарау.
Иксодид немесе жайылым кенелерімен күрес шаралары.
Иксодид кенелерімен күрес екі бағытта жүргізіледі: біріншісі – олардың шоғырланған жерлері – биотоптарында жою, ал екіншісі – жануарларға жабысқандарын жою.
Кенелермен олардың биотобында күресу тиімдірек. Кенелердің көптеген түрлері жұмыртқаларын жерге салып, олардан балаң – кенелері де сонда пайда болатынын ескере отырып, сол аймақтағы жерді жыртып, көп жылдық шөп егіп, жасанды жайылымға айналдыру жақсы нәтиже береді.
Малға жабысқан кенелерді жою үшін акарицид дәрілерді бүрку арқылы немесе сол дәрілермен тоғыту арқылы дәрілеу жұмысы жүргізіледі.
Кене малдың үстінде болатындығын ескере отырып, малды күту барысында сақтық ережелерін орындау керек.
• Малдағы кенені қолмен жұлуға, оны езіп өлтіруге болмайды.
• Табиғат аясында демалғанда кенеден сақтану керек, денені және киімдерді көзбен, қолмен сипап тексеру керек.
• Кене шаққан жағдайда тез арада дәрігерге көріну керек.
• Денеге жабысқан кенені өзіңіз алған болсаңыз, келесі ережелерді сақтау қажет:
• Кене жабысқан жерге сұйық май тамызып, кенені тұмсық тұсынан қысып, алу керек. Ал, кенені қақпақты шыны ыдысқа салып, емханаға алып барыңыз (зертханалық тексеру жүргізу үшін).
• Кененің шаққан жерін міндетті түрде йодпен залалсыздандыру қажет.
• 14 күнге дейін дәрігердің бақылауында болу керек.

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы орынбасары  Елемесов Бахтыораз Мизамұлы

Previous Post

В Шымкенте прошло мероприятие «Береке - бірлікте»

Next Post

ДЕМЕУШІЛЕР ТАРАПЫНАН БАЛАЛАР ТЕМІР ЖОЛЫ ЖАҢА СЕРУЕН АЙМАҒЫНА АЙНАЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі