13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«А» вирусты гепатитінің алдын-алу

7 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
«А» вирусты гепатитінің алдын-алу
Share on FacebookShare on Twitter
А вирусты гепатит –бауыр клеткаларының зақымдалуымен жүретін жедел инфекциялық ауру. А вирусты гепатит созылмалы түрге ауыспайды, тек жедел түрде өтеді. Вирустың қоздырғышы-РНК сы бар Hepatovirus түрінің Picornoviridae тұқымдастығына жататын вирус. Гепатиттің бұл түріне маусымдылық тән, яғни күз көктем айларында кездеседі.
Вирус сыртқы орта факторларына өте төзімді, ол суда, тағамда, іркінді суларда, беткейлерде ұзақ сақталуға қабілетті, сондай ақ +4, +20 градусқа дейін тіршілігін сақтайды. Адам асқазанының қышқыл ортасында да өлмейді.
Эпидемиологиясы: Инфекция көзі-тек ауру адам . Вирус науқаста сарғаю пайда болғанға дейін 12-14 күнге дейін, сарғаю кезінде 3 аптаға дейін көп көлемде нәжіспен сыртқы ортаға бөлініп отырады.
Берілу жолдары:
-Қарым қатынас арқылы, науқас адаммен байланысқан кезде;
-алиментарлы, ластанған су, тағам арқылы
Вирус адам ағзасына вируспен ластанған суларды, тұрып қалған суларды ішкенде, ашық суларда шомылғанда суды жұтып қойғанда және Гепатиттің А түрімен ауырған науқаспен жеке гигиеналық ережелерді сақтамай тамақ дайындағанда дайын тағам арқылы түседі.
Инкубациялық кезең 1,5 айға дейін созылуы мүмкін, орта есеппен — 35 күнді құрайды.
Ауру симптодары:
— әлсіздік, шаршағыштық
— жүрегі айну, құсу
— көз склерасының, тері жабындыларының сарғаюы
— оң жақ қабырға астының ауырсынуы,
— терінің қышуы
— зәр түсінің өзгеруі
— тәбетінің болмауы
— дене қызуының көтерілуі,
— буындары сырқырап ауырсынуы
— бас ауру, бастың айналуы.
Науқаста ауырғаннан кейін тұрақты иммунитет пайда болады.
Профилактикалық шаралар:
-жеке бас гигиенасы сақтау, көшеден келгенде, балалар ойнап келгенде, дәретханаға барғаннан кейін, тамақтанар алдында үнемі қолды жылы сабынды сумен жуу;
— сапалы суды тұтыну, бөтелкедегі немесе қайнаған су тұтыну;
— рұқсат етілген жерлерде шомылу;
-дұрыс жуылмаған, толық термиялық өңдеуден өтпеген тағамдарды тұтынбау;
Науқас адам үй жағдайында қалдырылса, отбасы мүшелерінің зақымдалуын алдын алу мақсатында үйді жиі ылғалды жуу, беткейлерді дезинфекциялық ерітінділермен, мысалы
вирус көп болатын унитаз, раковина, есік тұтқалары, ойыншықтар, т.б жерлерді жуу.
Бағытталған ең тиімді әдіс-бұл вакцинация
Вакцинация барлық жергілікті емдеу мекемелерінде тегін жүргізіледі. «А» гепатитіне қарсы егу инъекция түрінде жүргізіледі. 2 жаста 6 ай аралықпен 2 рет.

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Нышанов Нұрбек Садықбекұлы

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР ЖӘНЕ ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Next Post

Ұландықтар Шымкент пен Түркістанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін атап өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі