13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентке радиофармацевтикалық препараттар әуе жолымен тасымалданады

16 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкентке радиофармацевтикалық препараттар әуе жолымен тасымалданады
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Әуе жолымен тасымалдау арқасында жолға небәрі 2-3 сағат жұмсалатындықтан, көп науқасты қамтуға мүмкіндік туады.
Қала әкімдігінің Шымкент қаласының Әуежай басшылығымен жүргізген келіссөздері нәтижесінде бұдан былай радиофармацевтикалық препараттар (РФП) тік ұшақтар арқылы жеткізілетін болды. Бұл ең алдымен қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды дер кезінде анықтап, емдеу шараларының тиімділігін арттырады. Шымкент қалалық онкологиялық орталығы жанынан 2022 жылы «MIG QAZAQSTAN» ядролық медицина орталығы ашылған болатын. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде іске қосылған орталық заманауи технологиялық аппараттардың көмегімен қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтауға, науқастарға дер кезінде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беріп отыр. Орталық дәрігерлері радиофармпрепаратты науқасқа көктамыр ішіне енгізеді, оның дозасы пациенттің дене салмағына, бойына қарай есептеледі. Радиофармпрепарат бүкіл денеге таралғаннан кейін, шамамен бір сағат ішінде пациентке Позитронды – эмиссионды томография/компьютерлік томография (ПЭТ/КТ) арқылы диагностикалық зерттеу жүргізіледі. Препарат құрамы 2-фтор, F химиялық түріндегі фтор-18 бар натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі болып табылады. Фтор-18 радионуклидінің ыдырау мерзімі 109 минутты құрайды. Бұл препарат ПЭТ/КТ көмегімен диагностикалық зерттеу ретінде әртүрлі нозологиялық нысандар мен локализациядағы қатерлі ісіктерді дифференциалды диагностикалау, қатерлі ісіктердің таралуы мен сатысын анықтау, ісіктерді емдеудің тиімділігін бағалау үшін қолданылады. Қатерлі ісікке қарсы күрестің 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарында қарастырылған осындай ем шаралардың нәтижесінде бүгінде науқастар өмірі айтарлықтай ұзаруда. РФП осыған дейін арнайы жабдықталған көлік құралы арқылы Алматы қаласындағы Ядролық физика институтынан ұзағымен 2 сағат ішінде жеткізілетіндіктен, қуаттылығы төмендеп, аз науқасқа ғана жететін. Себебі бұл препарат 109 минут сайын жартылай күшін жоғалтады. Ал әуе жолымен тасымалдау арқасында жолға небәрі 2 – 3 сағат жұмсалатындықтан, көп науқасты қамтуға мүмкіндік туады. Күні ертең қаламызға әуе жолы арқылы сынақ ретінде РФП орнына сұйықтық жеткізіледі. Қатерлі ісікке шалдыққан науқастар үшін маңызды препараттың мұндай жолмен жеткізілуі тиімділігін көрсеткеннен кейін сұранысқа орай препараттардың қажетті көлемі жеткізіліп отырады.

 

Previous Post

Шымкентте 4,5 мыңға жуық адам субсидияланатын жұмыс орындарына жолданды

Next Post

ШЫМКЕНТ: Биыл 20 елді мекенге талшықты оптика желісін жүргізу үшін жеке инвесторлармен меморандум түзілген

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі