13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстандықтар ХҚКО-ға кезектің электрондық талондарын алуды жөн көреді

13 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстандықтар ХҚКО-ға кезектің электрондық талондарын алуды жөн көреді
Share on FacebookShare on Twitter

Кезектің электрондық талондарын алу сервисі 2022 жылдың сәуір айында енгізілді, өткен жылы 60 мыңнан астам талон алынған. Соңғы 5 айда бұл көрсеткіш айтарлықтай өсті: 2023 жылдың желтоқсанында пайдаланушылар 3 мыңға жуық талон алса, ал сәуірде – 12 жарым мыңнан астам талон алынған.
Айта кетейік, кезектің электрондық талонын «ХҚКО» қосымшасы арқылы ресепшн бағанындағы QR-кодты сканерлеу арқылы алуға болады. Ол үшін қосымша арқылы халыққа қызмет көрсету орталығына алдын ала онлайн брондау рәсімделуі қажет. Сондай-ақ, қызмет екінші деңгейлі банктің қосымшаларының бірінде қолжетімді.
«Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда көптеген қызметтерді үйден шықпай-ақ онлайн режимінде алуға болады. Егер тек ХҚКО-да көрсетілетін қызмет болса, онда кезекті алдын ала брондап, жазылған уақытта келуге болады. Бұл жағдайда ресепшендегі маманға жүгінудің қажеті жоқ. Азамат кезектің электрондық талонын өз бетінше ала алады. Осылайша, сіз көрсетілетін қызметті алушылардың уақытын ғана емес, сонымен қатар талондарды шығаруға кететін қағазды да үнемдей аласыз», — деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Электрондық талондарды жиі қолданатын үш ХҚКО Алматы қаласының Медеу ауданында, Түркістан облысының Сайрам ауданында және Қарағанды қаласының Чкалов көшесінде орналасқан.
2024 жылы «Азаматтарға арналған үкімет » » ХҚКО » мобильдік қосымшасын қолдану тәжірибесін талдап, оны клиенттерге ыңғайлы болу үшін қайта өзгертуге ниетті. Қазіргі уақытта қосымшаның негізгі функциялары – кезекті электронды брондау және ХҚКО операторының бейнеқоңырауы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету болып табылады.

Previous Post

ДЕМЕУШІЛЕР ТАРАПЫНАН БАЛАЛАР ТЕМІР ЖОЛЫ ЖАҢА СЕРУЕН АЙМАҒЫНА АЙНАЛАДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі