13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОТАНШЫЛ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ – ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА

10 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
ОТАНШЫЛ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ – ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Азаматтық тәрбие: Тұжырымдама, тарихи ретроспективасы және қалыптастыру ерекшеліктері» атты форум өтті. Азаматтық-патриоттық тәрбиені, ұлтжандылық қасиеттерді дәріптейтін іс-шараға білім беру ұйымдарының басшылары, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімдері қатысты.Жиынның құрметті қонағы болған «Мұрагер» Бейбітшілік шарты әскери күштерінің ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Үсенбатыр Арзықұлов бүгінгідей форумдардың жас буын өкілдерін тәрбиелеуде аса маңызды екенін атап өтті.
– Біздің бірлестіктің алға қойған бас міндеттерінің бірі – жастар тәрбиесі. Шектеулі мүмкіндіктерімізге байланысты жас буынның қасында әрдайым бола бермейміз. Сондықтан мектеп қабырғасында алғашқы әскери дайындық және технология пәнінің ұстаздары оқушылардың бойына патриоттық, отансүйгіштік сезімдерін сіңдіруі қажет. Мектептер арасында «Айбын» әскери-патриоттық жарысы өтіп жатыр. Оқушылардың құлшынысын, намыс, жігерін көрген кезде жүрегіміз қуанышқа толады. Сол жастарға бағыт-бағдар көрсетіп, қолдау көрсету ұстаздардың басты міндеті, – деді Үсенбатыр Арзықұлов.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының қабырғасында өткен форумда әскери қару-жарақ және техникалар көрмесі де ұйымдастырылды.
Институттың «Психология, инклюзивті білім беру және кәсіби даму» кафедрасының аға оқытушысы Бертай Төкеев «Патриоттық әндердің азаматтық тәрбиені қалыптастырудағы маңызы» атты баяндамасын оқыды.
Жиын соңында өнегелі ұрпақ тәрбиесінде тер төгіп жүрген Шымкент қаласының ұлағатты ұстаздары алғыс хаттармен марапатталды.

Previous Post

3 АЙДА БЮДЖЕТКЕ 4,5 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ КІРІС КІРДІ

Next Post

Оңалту орталықтарының орны бөлек

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі