13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Жеңісті жақындатқандарға пәтер кілті берілді

9 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Жеңісті жақындатқандарға пәтер кілті берілді
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін 9 мамыр — Жеңіс күні.Бұл жеңіс күні оңай келген жоқ. Сондықтан екінші дүниежүзілік соғыс халқымыз үшін ең қасіретті кезең болып тарихта қалады. Отанын қорғап аждаһаның аузынан қайтқан ата-апаларымыздың теңдессіз ерлігі, отаншылдық нәріне суарылған биік парасаты, асқақ адами болмысы бізге мәңгілік өнеге, өмірлік мектеп, ізгілік пен адамгершілік этолоны болып қала береді. Жылдар жылжып, сол сұрапыл кезеңнен алыстаған сайын, бейбіт күн сыйлаған соғыс ардагерлеріне деген құрметіміздің еселене түсері анық. Өйткені, зымыраған уақытпен бірге аңызға айналып бара жатқан соғыстың ақиқатын айтатын ардагерлерімздің де қатары тым сиреп барады. Бүгін Шымкенттіктер де Жеңіс күнін атап өту үшін «Даңқ мемориалына» жиналды. Қаза болған қаһармандардың рухына тағзым етіп, есімдері қашалып жазылған ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды. Салтанатты шарада батыр бабалардың қайсарлығы мен батылдығы дәріптелді. Сонымен бірге Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың соғыс және тыл ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтау хатын қала әкімі оқып берді. Ал қалада алапат соғысқа қатысқандардан 2 ардагер бар. Олардың бірі — Нина Егоровна Мосунова. 100 жастағы майдангер әжей соғыс кезінде радист болған. Ал екінші майдангер Брест қамалы, Варшава, Данск, Виссмарк қалалары үшін шайқасқан- Мұраталы Төлепберген ақсақал. Ол қан майдан шебінде жан аямай, ерлік көрсеткені үшін «Ұлы Отан соғысы», «Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» ордендерімен марапатталған. Әкім бүгін жеңіс күнін жақындатқан екі ардагерді мерекелерімен құттықтай отырып, екі майдангерге пәтер кілтін табыстады. «Бүгін біз бейбіт аспан астындағы бүгінгідей мамыражай өмір сыйлаған батырларға құрмет көрсетеміз. Біз Жеңістің құндылылығын ешқашан ұмытпаймыз »- деді, өз құттықтауында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков. Өз кезегінде майдангерлер көрсетілген құрметке шексіз алғыстарын білдіріп, баталарын берді.

Previous Post

Аким Шымкента подарил квартиры ветеранам Великой Отечественной войны

Next Post

Аким Шымкента подарил квартиры ветеранам Великой Отечественной войны

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі