13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: мұнай өнімдерін бақылау нәтижесінде осы саладағы заңсыздықтың алдын алуға болады

6 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: мұнай өнімдерін бақылау нәтижесінде осы саладағы заңсыздықтың алдын алуға болады
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің айтуынша, мұнай өнімдерін бақылау нәтижесінде осы саладағы заңсыздықтың алдын алуға болады. Бұл туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында өткен Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Алмас Манатұлы бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесуінде айтылды. «Қазіргі таңда «ПҚОП» ЖШС 2023 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда бензин өнімін – 55 мың тоннаға, дизельді 9 мың тоннаға көп шығарды. Жалпы, зауыт былтыр 2 млн 82 000 тонна жанармай, 2 млн 2 000 тонна дизель шығарып, сол көлемде сатты. Қазіргі таңда қалада 196 АЖБ тіркелген. Онда биылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша 72 000 тонна дизель сатылған. Бұл – былтырмен салыстырғанда 110 пайызға көп. Шымкентте жанармайға ай сайынғы қажеттілік 24 000 тонна болса, дизель отыны, маусымына қарай, 11 000-нан 15 000 тоннаға дейін қажет. Жалпы, бұл мәселелер біздің департамент тарапынан үнемі бақылауда. Камералық бақылау көрсеткіштерінің нәтижесінде біз былтыр мұнай өнімдерін тиісті құжатсыз сатқан екі заңды тұлғаны анықтадық, олар мазут өнімдерінің шығу тегін көрсетпей сатқан. Ол бойынша материалдар экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды. Оған қоса анализ бойынша 2023 жылы бір АЖБ-де 5,4 тонна дизельдің тиісті құжатсыз сатылып жатқанын анықтадық. Қазіргі таңда Шымкент мұнай өнімдерін өңдеу зауытында есептеу-бақылау құралы орнатылып жатыр, ал 1 шілдеден бастап бұл құрал қалған мұнай базаларында орнатылуы тиіс. Сонда мұнай өнімдеріне мемлекеттік кірістер департаменті жағынан бақылау жасау жеңіл болады», – деді Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Руслан Жазықбаев. «Биыл 2023 жылмен салыстырғанда жанармай тапшылығы бойынша арыз-шағым түсіп жатқан жоқ. Дегенмен, бізде жоспарлы және жоспардан тыс талдау жұмыстары жүргізілуде. Әзірге құқық бұзушылық анықталмады. Жылда жанармай тапшылығы болатын еді, биыл тиісті жұмыстар нәтижесінде әзірге ондай тапшылық орын алмады. Оған қоса сұйытылған мұнай газын кәсіпкерлік субъектілерге бөлуде теңдік принципі және ереже сақталуы тиіс. Жуырда автогаз сатушы мекемелер қауымдастығының басшылығынан газды бөлу бойынша арыз түсті. Біз тиісті тексеру жүргізіп жатырмыз», – деді ҚР Бәсекелестікті қорғау дамыту агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің жетекшісі Ернар Қосбаев. Жиынды қорытындылаған Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Алмас Манатұлы жанар-жағармай тапшығын болдырмау және мұнай өнімдерін сату саласындағы заңсыздықтың алдын алу бойынша біріккен жұмысты алдағы уақытта да жалғастыруды ұсынды.

Previous Post

В Шымкента проведен круглый стол на тему «Судебная практика по рассмотрению налоговых споров»

Next Post

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да жаңа студенттер үйі пайдалануға берілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі