13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте Қошқар Ата өзені қоқыстан тазартылды

6 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкентте Қошқар Ата өзені қоқыстан тазартылды
Share on FacebookShare on Twitter

Өзеннің Республика даңғылының бойы мен Ордабасы алаңы арқылы өтетін аумағы тазаланды.

Шымкент қаласындағы Қошқар ата өзенінен 100 текше метрге жуық қоқыс шығарылды. Өзеннің Республика даңғылының бойы мен Ордабасы алаңы арқылы өтетін аумағы тазаланды. Тұрмыстық қоқыс пен табиғи қалдықтардан тазалау жұмыстарына арнайы техника, 10 адамнан құралған 2 бригада жұмылдырылды. Жалпы Шымкент қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасы Қошқар ата өзенін тазалау жұмысын күнделікті кестеге сәйкес жүргізуде. Айта кетейік, судың бір ғажабы — жыл бойы температурасы бір қалыпта, яғни, +11 градус болып сақталып тұрады. Құрамында фтор, кальций, магний элементтері болғандықтан Қошқар ата өзенінің суы шипалы болып саналады. Көп адамдар дұға оқуға, су толтырып алуға, шомылуға келеді. Еліміз бойынша жүріп жатқан экоакция аясындағы «Мөлдір бұлақ» апталығына орай Қошқар ата өзенінің маңайына тазалық жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласының әкімдігі қала тұрғындарынан өзенге қоқыс тастамай, таза ұстауын сұрайды. Еске салсақ, Президент тапсырмасымен қолған алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы 5 аптаға жалғасады. Шымкенттіктер шара соңына дейін тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, қаланың көркеюіне үлестерін қосуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берген болатын. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелген еді. Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Науқан 5 аптаға созылады. Айта кететін жайт әр аптаның тақырыбы және мақсаты бар.

Previous Post

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да жаңа студенттер үйі пайдалануға берілді

Next Post

Кәсіпкерлер палатасында жанармай тапшылығының алдын алу мәселелері қарастырылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі