Шырайлы Шымкент қаласы күн өткен сайын гүлденіп келеді. Өйткені жылдағыдай емес, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына қызметкерлерден бөлек, қала тұрғындары да бір кісідей атсалысуда. Бұл аптада «Өнегелі ұрпақ»науқаны бойынша ілкімді істер жүзеге асқан. Соның бірі Әл-Фараби ауданына қарасты «Достық ауласында» ұйымдастырылды. Қазыбек би 6 көшесіндегі тұрғын-үй алқабының көлемі үлкен және ардагерлер көп. Сондықтан осы аумақта тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Шараға 10 -нан аса техника мен 200 -ге жуық қызметкерлер жұмылдырылып белгіленген нысанды толықтай тазартты. — «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы оң өзгерістерді байқаймыз. Халық көп шоғырланатын орындарда тазалық деңгейі біршама өскен. Қуантарлығы бұл шараға ЖОО-ның студенттері көп қатысады. Жастардың белсендігілі тек оқу-ғылымнан емес, қоғамдық жұмыстардан да жоғары деңгейде көрінуде. Ұрпағымыздың саналы, тәрбиелі, тазалыққа жақын болуы үшін біздер әрқашан үлгі болатын игі істердің басы-қасында жүруіміз керек, — дейді Қалалық мәслихаттың депутаты Төреайым Сұлтанова. Өнегелі істі дәріптеу тек бір күнмен шектелмесі анық. Алдағы уақытта қала тұрғындарына қуаныш сыйлағын акция жалғасын таба бермек.
«Өнегелі ұрпақ – өнегелі іс» жобасы аясында Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның түлектерімен кездесуі өтті. Кездесуге «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы – Ж.Бектаева Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент кампусының директоры — Ануарбек Талғат, Шымкент қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы — Тұңғышбаев Руслан Карибаевич, «САМИ» ЖШС-нің бас директоры — Жамашев Сакен Куттыбекович, белгілі спортшы – Жазира Жаппарқұл және өзге де қонақтар мен оқушылар қатысты.«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында №9, 65, 89, 90, 135 және тағы басқа білім беру мекемелерінде ағаштар отырғызылды. Іс-шараға мегаполистегі барлық білім беру мекемелері жасыл желектер мен гүл отырғызып, соны баптауға ниетті барлық мектеп оқушылары белсенді қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға «Экология, өлкетану және туризм орталығы» мекемесінің өкілдері белсенді қатысты.Айта кетейік, отырғызылған ағаштарды бақылау әрі күту толығымен білім беру мекемелеріне жүктеледі. Жыл бойы ол ағаштарға күтім жасалынады. Ағаштарды суғару, тыңайтқыш пен магистральдық шеңберлерді аэрациялаумен қамтамасыз етеді.