13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте әскери техника жазғы кезеңге дайындалуда

1 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкентте әскери техника жазғы кезеңге дайындалуда
Share on FacebookShare on Twitter

Қауіпсіздік шараларын сақтауға және өрттен қорғауға ерекше назар аударылады.
Қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану кезеңіне ауыстыру жөніндегі жоспарлы іс-шаралары Шымкентте орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған құрамасында өтуде. Техниканы дайындау жұмыстары кезең-кезеңмен өткізіледі. Бірінші кезекте ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бұйрықтары негізінде мамандар техника санына сай жанар-жағармай материалдары мен материалдық құралдардың есебін жүргізді. Сондай-ақ, әскери қызметшілер жауынгерлік машиналардың әрбір паркінің аумағында тазарту жқмыстарын орындап, қоймалар мен парк бокстарында ағымдағы жөндеу жүргізеді. — Жеке құраммен жұмыс орындарын жабдықтау тәртібі, қару-жарақ пен әскери техника үлгілерінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша нұсқау-әдістемелік сабақтар өткізілді. Әскери қызметшілерді әскери техниканы пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі басшылық құжаттармен таныстырылды, – деп түсіндірді 35748 әскери бөлімі командирдің техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары — бөлім бастығы подполковник Руслан Әлімбаев. Жанар-жағармай материалдарының, құралдардың және қажетті қосалқы бөлшектердің барлық түрлері алдын ала алынды. Жоспарлы қызмет көрсету шеңберінде техниканың әрбір бірлігінде техникалық жұмыстардың 20 түріне дейін жүргізіледі. Әрбір машинаның тораптары мен агрегаттары, электр жабдықтары тексеріледі, сүзгілер жуылады, жанар-жағармай материалдары ауыстырылады. Жұмыстарды сапалы орындауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және өрттен қорғауға ерекше назар аударылады. Қару-жарақ пен әскери техниканы дайындау жұмыстары қару-жарақ, әскери техника мен парктің дайындық деңгейін арнайы комиссия құрамында тексерумен аяқталады.

Previous Post

Шымкентте МӘМС жүйесі бойынша ақпараттық түсіндірме жұмысы қарқынды жүріп жатыр

Next Post

​ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: “Сын сағатта халқымыздың мызғымас бірлігі айқын көрінді”

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі