13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстандық шенеуніктің әйелі күйеуінен 10 жылдан бері зәбір көріп келе жатқанын айтып, көмек сұрады

6 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстандық шенеуніктің әйелі күйеуінен 10 жылдан бері зәбір көріп келе жатқанын айтып, көмек сұрады
Share on FacebookShare on Twitter

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшінің кеңесшісінің әйелі Карина Мамаш күйеуінің жүйелі түрде ұрып-соғатынын айтып, шағымданды.

Әйел 10 жыл бойы зорлыққа шыдап келе жатқанын жеткізді. Ол өзіне және балаларына қауіп төніп тұрғанын хабарлап, Қазақстан үкіметінен көмек сұрады.

“Біріккен Араб әмірлігіндегі елшінің кеңесшісі Мамаш Сәкен Тәшкенбайұлының жұбайымын. 10 жылдан бері зорлық-зомбылыққа ұшырап келе жатқанымды мәлімдеймін. Күйеуімнің маған жасаған барлық қиянаты үшін дипломатиялық мәртебесінен айырылып, түрмеге жабылғанын қалаймын. Физикалық, жыныстық, эмоционалдық, экономикалық, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауап беруге тиіс», – деді Карина.

Ал “НеМолчи” қоғамдық ұйымы Қазақстан үкіметінен әйелді қорғауды талап етіп, оны қайтадан балаларымен қауыштыруды сұрады.

“Біз әйелдің қауіпсіздігін және балаларымен Қазақстанға қайта оралуын талап етеміз. Жарын жүйелі түрде азаптағаны үшін шенеунікті барлық өкілеттіктерінен айырып, қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраймыз. Мамаш Сәкен Тәшкенбайұлы өзінің байланыстары мен әкімшілік ресурстарын пайдалануы мүмкін. Бұл фотолар мен видеолар азаптаулардың дәлелі. #НеМолчи қоғамдық ұйымы ел президентіне, Ішкі және Сыртқы істер министрлігіне ашық үндеу жариялайды! Зорлаушының үстінен қылмыстық іс қозғау керек. Ал Каринаға бөтен елде қауіп төніп тұр. Оған өз балаларымен қауышуына мүмкіндік жасап, баспана әперу керек”, – деп хабарлады қоғамдық ұйым.

Аталған мәлімдемеге, сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді,

“Біз бұл қызметкерді Қазақстанға шұғыл қайтарып жатырмыз. Оның ісімен құқық қорғау органдары айналысады”, – деді ресми өкіл.

Фото: Не Молчи қоры

Previous Post

Тоқаев педагогтар мен ғылыми қызметкерлердің материалдық жағдайын жақсартатын заңға қол қойды

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР ЖӘНЕ ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі