«Жаңаша білім беру- оқушының сапалы өсуі мен рухани байлығының негізгі бағыты». Дәл осы тақырыпта Шымкент қаласындағы, Қорқыт ата атындағы №22 жалпы орта білім беретін мектепте ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинардың бірінші бөлімінде мектеп директоры Жанисбаева Клара Үшкемпірқызы «Жаңаша білім беру — жаңаша көзқарас» тақырыбында баяндама жасап, семинарға қатысушыларға мектеп туралы жан-жақты мәліметтер айтып өтті. Мектеп басшысының сөзінше қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесі басты орынға қойылған.
«Ұстаздық мамандықты таңдағаннан кейін, шәкірттері үшін маңызды тұлға екенінді сезінесің, оқушыларыңа тағылымды тәлім, сапалы білім беру – ұстаздың басты парызы. Сондықтан жаңа үрдісті үйренуде, ұстаздар, өзгеруіміз қажет деп есептеймін”,-деді мектеп директоры
Жаңа оқу бағдарламасында: «Белгілі бір қоғамда ойлаудың сыни деңгейіне өту – осы қоғамның өркениетті дамуның басталу алғышарты» — делінген. Мектеп басшысы ел ертеңін тәрбиелеуші ұстаздар қауымын, еліміздің өркендеуі мен даму жолында талмай еңбек етуге шақырды.
Шара аясында Б. Соқпапбаевтың “Менің атым Қожа” көріністі нақышына келтіріп, образына еніп, көрсете алды. Ал жүргізушілердің сахнада өздерін ұстауы әбден қалыптасқан, дағдыланған.
Семинардың үшінші бөлімінде пән мұғалімдері дайындаған ашық сабақтар өткізілді. Мәселен орыс тілі, қазақ тілі, математика, тарих және өзгеде пән бойынша түрлі тақырыпта ашық сабақтар өткізіліп, оқушыларға ойын арқылы ақпараттар берілді.
Айта кетсек, семинар барысында спорттық ойын мен асихологиялық тренингте назардан тыс қалмады. Психологилық тренингін өткізу арқылы кері байланыс жасалды, семинарға қатысушылар өздерінін семинар туралы оң пікірлерін білдіріп, алған әсерлерін, ұсыныстарын айтып, сәттілік тілеп, ризашылықтарын білдірді. Осылайша Әл-фараби ауданы бойынша өткізілген қалалық семинарда мектептетегі үйірме жұмыстары , оқушылардың шығармашылық жұмысының нәтижесіде ел назарына ұсынылды.
Айта кетейік, Қорқыт ата атындағы №22 жалпы орта білім беретін мектептің 67 жылдық тарихы бар. Қазіргі таңда білім ордасында 500-ге жуық оқушы білім алуда. Сондай-ақ, оқушыларға біліктілігі жоғары 55 ұстаз білім беруде. Бүгінде мектеп шәкірттері арасында республикалық, облыстық, қалалық олимпиадада топ жарып, жүлделі орыннан көрінгендер қатары да артып келеді. Білім ұясында шахмат, би , волейбол секілді үйірмелер де жұмыс істейді.
Иә, осындай кең ауқымды шараларды өткізу арқылы педагогтар өз тәжірибелеріне талдау жасайды. Білім алушылардың математикалық, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылық дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмаларды әзірлейді. Оқушылардың мектепте алған білімдерін объективті бағалау жүйесін қалыптастыру тәсілдері аясында педагогтар кәсіби құзыреттілігін дамытады деген сенімдеміз.