13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шудың адам денсаулығына зияны

6 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Шудың адам денсаулығына зияны
Share on FacebookShare on Twitter
Шу — қалыпты емес дыбыстардың жиынтығы болып, адам организмі жұмысы мен демалысына кедергі жасайды. Шу көздері соқтығысу, үйкеліс, қатты заттардың сырғуы, сұйықтық пен газдардың ағуы, дауыстар шығарылуы кезінде пайда болатын тербелістер болуы мүмкін. Өндірістік жағдайларда тербеліс көздері жұмыс істейтін станоктар, қолмен механикаландырылған құралдар (электр және пневматикалық аралар, Джек, балғалар, перфораторлар), электр машиналары (генераторлар, турбиналар) және т.б.
Сонымен қатар шуды келесі негізгі түрлергеге бөлуге болады: Транспорттық – қазіргі уақытта қала жағдайындағы ең көп тараған түрі. Шығу көздері – автомобильдер, трамвайлар, троллейбустар және теміржол мен әуе транспорттары.
Кварталдық қалалық шу төменгі жиіліктен өте жоғары жиіліктікке дейінгі диапазонда болады. Өндірістік-кәсіпорын мекемелерінің тұрғын аудандарға жақын орналасуы акустикалық талаптың бұзылуына әкеп соқтыратын елеулі фактор болып табылады.
Пәтерлік шу екіге бөлінеді: тұрмыстық (адамдардың тіршілігіне байланысты) және механикалық (инженерлік және санитарлы-техникалық) қондырғылар арқылы пайда болады.
Серпімді ортаның тербеліс қозғалысы белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқындарын тудырады және герцпен (Гц) белгіленеді. Гц 1 секунд ішіндегі дыбыстың бір тербелісіне тең. Адам жиілігі 16-20000 Гц аралығында болатын дыбыстарды ғана ести алады. Бірақ төменгі жиілікті (400 Гц-тан төмен) жоғары жиілікке қарағанда адам нашар естиді. Адам жасы ұлғайған сайын жоғарғы жиілікті дыбыстарды да (20000-нан 12000 Гц-ке дейін) нашар ести бастайды. 800-6000 Гц аралығындағы дыбыстарды адамның есту жүйесі өте жақсы естиді. Жиілігі 16 Гц-тан төмен дыбыстар инфра дыбыс деп аталады, 20000 Гц-тан жоғарғы дыбыс ультра дыбыс деп аталады. Адамның есту мүшесі бұл дыбыстарды қабылдамайды.
Шудың әсерінен ағзада пайда болатын симптомдар кешенін шу ауруы ретінде анықтайды. «Шу ауруы» бұл орталық жүйке жүйесі мен есту анализаторы басым зақымданатын ағзаның жалпы ауруы, шудың әсерінен пайда болатын клиникалық көріністері арнайы (есту мүшесіндегі өзгерістер) және арнайы емес (басқа мүшелер мен жұйелердегі өзгерістер) болып бөлінеді.
Шудың есту қызметіне әсерінің нәтижесі кәсіптік естуінің төмендеуі және кереңдік болып табылады. Шудың әсерінен пайда болатын арнайы емес өзгерістердің ішінен жүйке, жүрек тамыр, жыныс мүшелері, көру мүшелері жүйесіндегі, вестибулярлық аппаратттағы, асқорыту жүйесіндегі өзгерістерді айтуға болады. Ауру адамдар жүйке және жүрек-қантамыр жүйелерінің қызметі бұзылғандықтан, олар шудың әсеріне өте сезімтал келеді. Аурулардың сауығуы ұзаққа созылады, ауруханада жату мерзімі де ұзарады.
Шуға қарсы келесі шаралар ұсынылады: «шудың» көзiне бағытталған шаралар: инженерлiк — техникалық және ұйымдастырушы — әкімшіліктік шараларға негiзделедi; «шудың» таралу жолына бағытталѓан шаралар: шығу көзiнен қорғау обьектiсiне дейiн (көбiнесе қала құрылысы және құрылыс-акустикалық әдiстер); «шудан» қорғау объектiсiнi көзiндегі шаралар (қоршаушы конструкцияларды дыбыс изоляциялау және жоспарлау шаралары).
Сондай-ақ, алдын-ала және мерзімді медициналық тексерулер жүргізу, жұмысшылар денесінің шудың қолайсыз әсеріне төзімділігін арттыру, жеке қорғаныс құралдарын қолдану, кәсіпорындардың жұмысшыларына В, С дәрумендерін күнделікті қабылдау ұсынылады, санаторий-курорттық емдеуді қолдану айтарлықтай оң әсер етеді.
Шуды гигиеналық бағалау үшін шумомер, спектр анализаторы, ал арнайы жағдайда шуды өздігінен жазатын, дозиметрлер қолданылады. 2023 жылы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі өнеркәсіптік кәсіпорындарда тексеру жүргізу кезінде 322 шуды өлшеді, оның ішінде гигиеналық талаптарға сай емес жағдайлар анықталған жоқ. Өзіңізді шамадан тыс шу деңгейінен сақтаңыздар. Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда.

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Нышанов Нұрбек Садықбекұлы

Previous Post

Кәсіпкерлер палатасында жанармай тапшылығының алдын алу мәселелері қарастырылды

Next Post

ШЫМКЕНТТІК МҰҒАЛІМ ДЖИУ-ДЖИТСУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі