13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Менингококкты инфекция- ауа тамшылы жолмен тарайтын жұқпалы ауру

1 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Менингококкты инфекция- ауа тамшылы жолмен тарайтын жұқпалы ауру
Share on FacebookShare on Twitter

 

Менингококкты инфекция – ауа-тамшылы жолмен тарайтын, назофарингитпен және жалпы қызбамен, мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабықтары мен жұмсақ ми қабықшасының зақымдануымен сипатталатын жіті жұқпалы ауру. Инфекция көзі – ауру адам, бактерия тасымалдаушы.

Қоздырғыштар алдымен мұрын-жұтқыншақ, қан тамырлары немесе лимфа түйіндеріне түсіп, бас және жұлын миының қабықшаларының қабынуына алып келеді. Адамдар арасындағы тығыз қатынас, әсіресе жабық мекеме жағдайы аурудың тез таралуына әсерін тигізеді. Ауру кез-келген жастағы адамдарды зақымдауы мүмкін, көбіне жас балалар ауырады. Адам ағзасындағы иммунитеттің төмен болуы инфекцияның дамуына ықпал жасайды.

Менингококкты инфекцияға мерзімділік тән. Науқастардың саны жылдың ылғалды және суық маусымдарында өсіп, наурыз-мамыр айларында жоғарғы деңгейге жетеді.

Менингококк инфекциясы клиникалық ағымы бойынша оқшауланған (менингококк тасымалдаушылық, назофарингит) және жалпыланған (менингит, менингококкцемия, аралас) түрлерге бөлінеді. Инкубациялық (жасырын) кезең екі күннен он күнге дейін немесе екі-төрт күнге дейін жалғасады.

Менингококк инфекциясының негізгі белгілері: қатты бас ауруы, дене температурасының 38-40 С С дейін көтерілуі, қызба, жүрек айну, құсу, бөртпе, Арқа мен аяқ-қолдың ауыруы, тәбеттің төмендеуі, әлсіздік.

Өзіңізді және жақындарыңызды инфекциядан қорғау үшін келесі шараларды ұсынамыз:

1) ағзаны шынықтырып, иммунитетті күшейту;

2) бөлмеге ылғалды жинау жұмыстарын жүргізіп, жиі желдету;

3) жеке бас гигиенасын сақтау, дәретханаға барғаннан кейін және тамақ ішер алдында қолды мұқият сабындап жуу;

4) адамдар көп жиналатын жерлерге, сауда-ойын-сауық кешендеріне, нашар желдетілетін үй-жайларда өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шараларға баруды шектеу, қоғамдық орындарға кірер кезде бір реттік бетперделерді қолдану;

5) дене қызуы 40◦С көтерілген, қатты бас ауырған, тоқтаусыз құсқан, денеде бөртпелер пайда болған кезде уақтылы медициналық көмекке жүгіну.

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы орынбасары  Елемесов Бахтыораз Мизамұлы

Previous Post

В Шымкенте прошло мероприятие «Береке - бірлікте»

Next Post

Менингококковая инфекция – острое инфекционное заболевание

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі