13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Бруцеллез – аса қауіпті індет!

12 апреля, 2024
in Денсаулық
0
Бруцеллез – аса қауіпті індет!
Share on FacebookShare on Twitter
Бруцеллёз – Brucella бактериясымен қоздырылатын, жедел және созылмалы түрінде өтетін зоонозды инфекциялық ауру. Бруцеллез ауруының клиникасында дене қызуының 39-40 градусқа дейін көтерілуі, буын-сүйектердің сырқырауы, қалтырау, тершеңдік, одан әрі қарай нерв-жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, зәр шығару жүйесінің, жыныс ағзаларын зақымдану білгілеріне дейін апаратын инфекциялық ауру.
Аурудың инкубациялық мерзімі (ауру малмен жанасқан күннен аурудың алғашқы белгілеріне дейін ) 15-30 күнді құрайды, кей кезде 6 айға дейін барады.
Аталған аурудың негізгі таралу көзі — ауру мал (ұсақ және ірі қара мал, зәр, қи) және ауыл шаруашылығы жануарларының зертханалық сараптамадан өтпеген өнімдері мен шикізаты (шикі сүт, ет, өңделмеген тері) болып табылады. Сонымен қатар сүт және сүт өнімдерін сақтап, құймалы балмұздақ сататын объектілер, ветеринариялық-санитариялық қорытынды мен есептік нөмір алмаған жағдайда, сүт пен сүт өнімдерінен дайындалатын құймалы балмұздақ өнімдерін өткізу орындары бақылаусыз болып, ветеринариялық-санитариялық Заң талаптарына сай сатылмауына, дұрыс сақталмауына байланысты адам денсаулығы мен өміріне аса қауіпті ауру қоздырғыштары бар өнімдердің пайда болуы мен таралу қаупіне әкеледі.
Содықтан аурудың алдын алудың ең бір маңыздысы — жеке бас гигиенасын сақтау;
— малмен және оның өнімдерімен жұмыс істегенде арнай киіммен, қолғаппен жұмыс істеу;
— балаларды бруцеллезге шалдыққан малдарды күтуге, олар тұратын қораға кіргізбеу;
— қол жарақаттары болса жақсылап таңып қою;
— жұмыс істеп болғанннан кейін қолды жуу, киімді ауыстыру;
— етті, сүтті шикідей пайдалану өте қауіпті, оларды тек қайнатып, пісірген соң тұтыну ;
— үйде малды ұстаған кезде, жыл сайын көктемде және күзде малды бруцеллезге тексеру;
-малдан бруцеллез ауруы анықталған жағдайда оның иелерін де медициналық мекемелерде толық тексерістен өтуі қажет;
— ауру мал анықталса, сау малдардан оқшаулап, жою;
— мал орындарын залалсыздандырып тазалап тұру;
— ет, сүт өнімдерін тексеруден өткен, анықтамасы бар арнайы дүкендерден сатып алу;
​Құрметті аудан тұрғындары мен шаруа қожалық иелері: өзіңізбен қатар айналаңыздың қауіпсіздігі үшін, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрінде ауру белгілері байқалған жағдайда дер кезінде жергілікті ветеринар мамандарға хабарлауларыңызды және жауаптылықпен қарауларыңызды сонымен қатар, келер ұрпақтың болашағы жарқын, дені сау болуы үшін, ет, сүт және сүт өнімдерін пайдаланған кезде ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай құжаттарының бар болуына аса мән берулеріңізді сұранамыз! Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз!
Previous Post

В Шымкенте продолжается Республиканская экологическая акция «Таза Қазақстан»

Next Post

КАРАТАУСКИЙ РАЙОН ШЫМКЕНТА: ПРОДОЛЖЕНИЕ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ АКЦИИ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі