13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Мораториден кейінгі тексерулердің ерекшеліктері

10 апреля, 2024
in Денсаулық
0
Мораториден кейінгі тексерулердің ерекшеліктері
Share on FacebookShare on Twitter

Егер нысан иесі сұрау салуды да жауапсыз қалдырса, нысанды бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне енгізуге негіз болады.

Елімізде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерді тексеруге қатысты жарияланған мораторий тоқтатылды. Ары қарай санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің нысандарды тексеру шаралары қалай жүргізілмек? Бүгін осы жөнінде тарқатып айтпақпын. Мәселен, бұрын эпидемиялық маңызы жоғары нысандарға жоспарлы түрде тексерулер жүргізілетін. Сонымен бірге, тексеру жоспарын түзгенде эпидемиялық маңызы жоғары нысандардың барлығы тексерумен қамтылуы ескерілетін. Ал қазір эпидемиялық маңызы болмашы нысандарға ( мәселен, орын саны 50-ден төмен қоғамдық тамақтану орындары, спорт мектептері, орын саны 20-дан төмен моншалар және т.б.) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілетін болады.

Ал, барлық обьектілерге жүргізілетін жоспарлы тексерулер – бару арқылы профилактикалық бақылау және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі тарапынан берілген рұқсат құжаттарының талаптарға сәйкестігін тексеру болып саналады. Нысандар объективті және субъективті критерийлерге байланысты іріктеліп, бақылаудағы нысандар санының бес пайызынан (5%) аспауы тиіс.

Бармай бақылау – аты айтып тұрғандай ешқандай нысандарға бармай, әр түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер, шағымдар негізінде анықталған бұзушылықтарды жоюды міндеттеп, ұсыным береді. Ұсынымның орындалуы туралы ақпарат берілмеген жағдайда сұрау салу жолданады. Егер нысан иесі сұрау салуды да жауапсыз қалдырса, нысанды бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне енгізуге негіз болады.

Нұрбек Нышанов,

Түркістан облысы СЭБД басшысы.

Previous Post

ЕҢСЕЛІ МЕКТЕП ЕРТЕҢІМЕН ҚУАНТАДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕН БАТЫСҚА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ЕКІНШІ ЛЕГІ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі