13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік әскери қызметшілер акцияны қолдады

23 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік әскери қызметшілер акцияны қолдады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент гарнизонының әскери қалашығы мен 35748 әскери бөлімінің аумағында «Он бес игі іс» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Оған отбасыларымен бірге әскери қызметшілер мен әскери қалашық тұрғындары қатысты.

Құрғақ шөптерді жинау, аумақтарды қоқыстардан және қураған бұталы өсімдіктерден тазарту, ғимараттарды сырлау, ағаштарды әктеу, жиектастарды бояу және тағы басқалар – сенбілік шеңберінде тазалық пен жайлылықты қалыптастыруға ықпал ететін жұмыстардың дәстүрлі тізімі.
Тазалау және көгалдандыру жұмыстарын өз бақылауына алған гарнизон бастығы полковник Әмірқожа Айтқожин қалашық пен әскери бөлімнің секторларға бөлінген аумағын аралап шығып, абаттандыру бойынша қосымша жұмыстардың қажетті көлемін анықтап тапсырмаларды қойды.
Сенбілік — әскери қалашық пен әскери бөлімнің тұрғындары үшін тазалықтың, тәртіптің және жақсы көңіл-күйдің дәстүрлі мерекесіне айналған. Осы мерекеге қатысушылардың барлығы ортақ күш-жігермен үй маңындағы аумақты тез ретке келтіруге болатындығын жақсы түсінеді. Сондықтан көптеген әскери қызметшілер отбасыларымен бірге шықты.
— Әскери қызметшілер мұндай іс-шаралардан ешқашан шетте қалмайды. Үйімізді таза және әдемі ету үшін бүгін біз отбасымыздың барлық мүшелерімен сенбілікке шықтық. Біз өз мысалымызбен балаларды еңбекке баулимыз. Бұл біздің сүйікті ауламызды таза етіп қана қоймай, отбасымызбен және әріптестерімізбен ашық ауада уақыт өткізуге тамаша себеп, — деп бөлісті әскери қалашықтың тұрғыны майор Ержан Сабырбекұлы.
Әскери қызметшілер еңбек құралдарымен қаруланып, әскери бөлім ғимараттары мен әскери қалашық үйлерінің айналасын тазартты. Олар ағаштардың діңгек шеңберлерін өңдеп әктеді, гүлзарларды алдағы гүл отырғызуға дайындады. Ең кішкентай көмекшілер үшін арнайы тәттілер үстелі ұйымдастырылып, әр балаға сусындар мен тәттілер таратылды.
Тазалық мерекесінің соңында әскери қызметшілер отбасыларымен бірге көшет отырғызды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

ТАЛ ЕКТІ, ТАЗАЛАДЫ, АЙНАЛАНЫ КӨРКЕЙТТІ

Next Post

Шымкентке шақырылған жас сарбаздар әскери өмірге үйренуде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі