13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте диабеттік табан синдромына шалдыққан науқастарға тіліксіз ота жасалып жатыр

16 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкентте диабеттік табан синдромына шалдыққан науқастарға тіліксіз ота жасалып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Мұндай әдіс қан ағымын жақсартып, жараның жазылуына жақсы ықпал етеді.

Қант диабеті асқынған науқастарға шұғыл хирургиялық көмек көрсету үшін Шымкент қаласындағы №2 аурухана базасында диабеттік табан бөлімшесі ашылған. Аурухана дәрігерлері диабеттік табан синдромымен келген пациенттің аяқ ампутациясын алдын алу мақсатында эндоваскулалы баллонды ангиопластика, яғни стенттеу отасын жасайды. Тіліксіз ота арқылы науқастың аяғын аман алып қалуға болады. Операция кезінде хирургтар катетерді артерияға енгізу арқылы тамыр қабырғаларын баллонмен кеңейтіп, стент орнатып береді. Мұндай әдіс қан ағымын жақсартып, жараның жазылуына жақсы ықпал етеді. Сәйкесінше қант диабетімен ауыратын науқастардың өмір сапасын жақсартады.№2 қалалық клиникалық ауруханасында бүгін қант диабетіне шалдыққан үш науқасқа ота жүргізіледі. Операциялар диабетті табан синдромына шалдыққан науқастарға жасалады. Бұл отаның ерекшелігі – аяқты ампутациядан аман сақтап қалу.

Нұржан Қарабаев, рентген-хирург дәрігер: «Қант диабетімен ауыратын науқастарда аяқ тамырлары жабылып, аяғында жаралар пайда болып ампутацияға алып келуі мүмкін. Сол тамырларын ашу арқылы, аяқтың жарасын тазалау арқылы, аяқтың ампутациясының алдын алып, үлкен инвалидность не болмаса өлім жағдайының алдын алу операциялары жүргізіледі».

Биыл 1 сәуірде аурухана базасында диабеттік табан орталығы ашылды. Бұл Шымкент қаласындағы алғашқы орталық. Мұндағы операциялар МӘМС жүйесі негізінде тегін жасалады. Дәрігерлер операцияның тіліксіз және ауырсынусыз жасалатынын айтады. Онда аяқ тамырының ішіне арнайы катетер, баллондар немесе стендтер қойып орнатады.

Ертөстік Тезекбаев, хирург: «Аяқ-қолдың сезбеушілігі пайда болады. Жарақаттанған кезде, бірдеңені басып аяғын кесіп алған кезде, байқамай қалады. Сол себепті жаралар пайда болуы мүмкін. Пайда болған жаралардың тезірек жазылмауының себебі – қан тамырларының жетіспеушілігі, нерв жүйелерінің жетіспеушілігі. Сол себепті ұзаққа созылады».

Бақытжан Позилов, №2 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері:
«Үш операция жасалады. Біріншісінің құны 800 мың теңге, екіншісі 1 млн 200 мың, үшіншісі де 1 млн 200 мың теңге тұрады. Егер науқас өз қалтасынан төлейтін болса, мұны екінің бірі көтере алмайды. Күніне 1-2 операция жасалып жатыр. Әрине, науқастар өте көп. Диабеттік табан орталығын ашудың негізгі мақсаты ампутациядан аман алып қалу».

Қазір Шымкентте диабеттік табан синдромына жасалатын оталар Мәскеуден келген арнайы мамандармен тәжірибе алмасу арқылы өтуде. Миллиондаған қаржы тұратын операцияны Қазақстанның кез келген тұрғыны медициналық сақтандыру арқылы тегін жасата алады. Ақ халаттылар бүгігі таңда үшінші мегаполисте атаулы саланың мамандары жеткілікті екенін айтады.

 

Previous Post

В третьем мегаполисе в рамках республиканской акции «Таза Қазақстан» были высажены деревья на улицах города

Next Post

ЖРВИ/ ТҰМАУ алдын –алу шаралары:

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі