13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жамбы атудан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

19 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Жамбы атудан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл тұңғыш рет ұйымдастырылған жамбы атудан ересектер арасындағы Азия чемпионаты Шымкент қаласында өтті. 14-19 сәуір күндері 14 мемлекеттен келген 60 мерген үшінші мегаполисте ұлттық спорттан бақ сынады. Олар Индонезия, Кувейт, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Оман, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Сауд Арабиясы, Сирия, Тайвань, Таиланд және Қазақстан мемлекетінің спортшылары. Сары құрлықтан жиналған спортшылар дүбірлі додада «Мажар», «Корей», «Түркі» және «Қазақ» стильдері бойынша сынға түсті. Жарыс қорытындысы: «Мажар» стилі бойынша 1-орын: Сауд Арабиясының спортшысы Hisham Ali R Al-Tamimі «Корей» стилі бойынша 1-орын: Сауд Арабиясының спортшысы Hisham Ali R Al-Tamimі «Түркі» стилі бойынша 1-орын: Қазақстанның спортшысы Батыр Бексауыт «Жамбы» стилі бойынша 1-орын: Сауд Арабиясының спортшысы Hisham Ali R Al-Tamimі Чемпионатта 1-орын иеленген әр спортшыға 500 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталды. Ал, екінші орын алғандар 300 000 теңге алса, үшінші орынға жайғасқандарға 200 000 теңге берілді.
Жамбы атудан Шымкентте өтіп жатқан бірінші Азия чемпионаты қарсаңында Жамбы атудан Азия федерациясы құрылды.Оған 10-нан астам елдің ұлттық федерациялары кірді. Азия федерациясының басшысы болып қазақстандық кәсіпкер, Жамбы ату республикалық федерациясының президенті Еркебұлан Ілиясов сайланды, атқарушы директор болып Елнұр Исақұл бекітілді. Жаңадан құрылған федерацияның вице-президенті болып Қытай өкілі Джанг Ли тағайындалса, Оңтүстік Африка Республикасының азаматы Амали Речке бас төреші болды.
Еске сала кетсек, Республикалық жамбы ату федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге «Бәйге», «Көкпар», «Аударыспақ», «Садақ ату», «Теңге ілу», «Құсбегілік», «Асық ату», «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

Previous Post

«КИЕЛІ МЕКЕН» АПТАЛЫҒЫ: Шымкентте республикалық акция жалғасын табуда

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА СЕРУЕН АЙМАҒЫ САЛЫНАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі