13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бишімбаевтың ісін жүргізіп жатқан судьяны белгісіз біреулер қорқытқан – Жоғарғы сот  

19 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Бишімбаевтың ісін жүргізіп жатқан судьяны белгісіз біреулер қорқытқан – Жоғарғы сот   
1.5k
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жоғарғы сот экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сотқа төрағалық етіп жатқан судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қорқыту хабарламалары түскенін мәлімдеді. «Астана қаласының полиция департаменті судья А.Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады», — деп жазылған хабарламада. Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Судья жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар интернет кеңістігінде жүргізілген мониторинг барысында судьяға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттері бар көптеген жағымсыз жарияланым анықталды. Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша тергеу органы Қылмыстық кодекстің 411-бабының 1-бөлігі (Судьяға жала жабу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Жоғарғы сот заң кез келген адамға сот төрелігін жүзеге асыру процесіне, оның ішінде судьяның атына жала жабу немесе қорқыту сипатындағы материалдарды жариялау жолымен, ықпал етуге тыйым салатынын ескертті.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ОРТАЛЫҚ МЕШІТ АУМАҒЫ ТАЗАЛАНДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ: «АБАЙ» САЯБАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі