13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «МІРӘЛІ БАБА» КЕСЕНЕСІН ТАЗАЛАУҒА ЖАСТАР ЖҰМЫЛА КІРІСТІ

19 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: «МІРӘЛІ БАБА» КЕСЕНЕСІН ТАЗАЛАУҒА ЖАСТАР ЖҰМЫЛА КІРІСТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Республикалық «Таза Қазақстан» экоакциясының «Киелі мекен» апталығына сәйкес Әл-Фараби ауданында орналасқан Қабанбай батыр ескерткіші аумағына санитарлық тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ескерткіш аумағының тазалық жұмыстарына ауданның ақсақалдары, ерікті жастар және аппарат қызметкерлері белсенді қатысты.
Жалпы, орындықтарды әрлеу, шөптерді ору, ағаштарды қырқу, әктеу, иригациялық жүйелер мен аумақты тазалау жұмыстары жүргізілді. Жалпы санитарлық тазалық іс-шарасына 5 арнайы техника, 100-ден астам адам жұмылдырылды.


— Аудандарда атқарылуы тиіс жұмыстар жетерлік. Соның бірі Киелі мекендерді тұрғындарға дәріптеу. Көбісі осы аймақтағы мәдени-тарихи нысандарды білгенімен, оның тарихына мән бермейді. Ал осы іс-шара тек тазалық жұмыстарымен шектелмейді. Келген әр ерікті осы нысанның, ғимараттың салыну себебі мен мағынасына үңгіліп, зердесіне тоқи кетеді. Бұл жиындардың бірден-бір ерекшелігі де осында. Киелі орындарда тазалық жұмыстарын жүргізе отырып оны сақтауға және құрметтеуге үгіттеу,— дейді Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Мұхтар Жаңабайұлы. Республикалық «Киелі мекен» тазалық акциясы Шымкент қаласының әр елдімекенін қамтып, ескерткіштер мен саябақтар абаттандырылып жатыр. Бүгінгі күні «Алтынтөбе», «Абай» саябағы, «Қабанбай батыр», «Қапал батыр» ескерткіштерін және «Мірәлі баба» кесенесінде тазарту жұмыстары жүргізілді.«Мірәлі баба» кесенесінің тазалық жұмыстарын жүргізуге 50 жұмысшы және 2 техника жұмылдырылған.
— «Мірәлі баба»аумағына санитарлық тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Кесене аумағының тазалық жұмыстарына ауданның ақсақалдары, ерікті жастар және аппарат қызметкерлері белсенді атсалысып қатысты. Жалпы бұл аудан тұрғындары әр апта сайын ерікті түрде жиналып, кесенеге тазалық жұмыстарын жүргізіп отырады. Арнайы техникалар мен мамандарда алдағы уақытта келіп жұмыстар жасайтын болады, — дейді Қаратау аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Бекарыс Бахадыр.

Previous Post

Түркістанда «АЙБЫН-2024» әскери-патриоттық сайысы өтті

Next Post

ШЫМКЕНТ: ОРТАЛЫҚ МЕШІТ АУМАҒЫ ТАЗАЛАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі