13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК ҚХА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТӨРТІНШІ ЛЕГІН СОЛТҮСТІККЕ ЖӨНЕЛТТІ

16 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТІК ҚХА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІҢ  ТӨРТІНШІ ЛЕГІН СОЛТҮСТІККЕ ЖӨНЕЛТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін 16 сәуір күні Шымкенттегі қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы ашқан бекеттен 33 тонна гуманитарлық көмек жүк көлігіне артылып, тасқын судан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан облысына аттанды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» жобасы аясында жиналған құны 9,5 млн. теңгеден асатын көмек қатарында азық-түлік өнімдері мен керекті заттар жиынтығы (тазартылған ауыз су, минералды су, ұн, макарон өнімдері, күріш, тушенка (бұқтырылған ет), балалар тағамы, сүт, жедел пісетін кеспе, қант, өсімдік майы, печенье, тұз, шай сынды түрлі азық-түлік өнімдері мен сүлгі, жөргек (подгузник), кір жууға арналған ұнтақ (порошок), сабын, шампунь, тіс пастасы, дәретхана қағазы, ыдыс жууға арналған сұйықтық, гигиеналық заттар, ылғалды салфетка, аяқ киім, матрас, одеяло, төсек жаймасы, төсек қапшығы және т.б.) бар.
Бұл жолы жергілікті ассамблея белсенділері су алған өңірлер үшін аса қажетті: үрлемелі қайық, су соруға арналған насос, резіңке етік, ұзын резіңке етік, құтқарушы жилеткасы, фонарь, күрек, қолғап, шланга сынды заттар топтамасын да қоса жөнелтті.
Айта кетейік, осыған дейін Шымкент қалалық ҚХА-ның үйлестіруімен 60 тоннадан астам (құны 40 млн. теңгеден астам) гуманитарлық көмек су тасқынынан зардап шеккен Атырау және Батыс Қазақстан облысына үш лекпен жөнелтілген болатын.
Өз кезегінде ассамблея белсенділері игі іске асталысып, сын сағатта қол созған шымкенттік компаниялар мен қарапайым тұрғындарға алғыс білдіреді.
Батыс Қазақстан облысының аумағындағы су тасқыны оқиғаларының салдарын жою үшін Шымкент қаласынан төрт теміржол эшелонымен инженерлік, жүк тиеуге арналған және басқада техникалар жөнелтілді. Жалпы 200 бірлік техника және 286 адам жіберілді. Еске сала кетсек, бұған дейін шымкенттік құтқарушылар Атырау облысына көмекке аттанған болатын. 2024 жылғы 11 сәуірде Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Атырау облысына апаттық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу мақсатында көмекке жөнелтілді. Көмекке барлығы 45 адам, 5 техника, 15 мотопомпа және 2 қайық жіберілді. Бүгінгі таңда, Атырау облысына көмекке жіберілген шымкенттік құтқарушылар су тасқынына қарсы жұмыстарға белсенді түрде кірісті. Қазіргі таңда Алмалы елді мекенінде инертті материалдармен бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізуде.

Previous Post

Биыл Шымкент қаласын ауызсу жүйесімен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді

Next Post

Токаев: Правительство не оставит никого без соответствующей заботы

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі