13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік әскерге шақырылушылар Алматы қаласының әскери бөліміне қызмет етуге аттанды

15 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік әскерге шақырылушылар Алматы қаласының әскери бөліміне қызмет етуге аттанды
Share on FacebookShare on Twitter

Қалалық қорғаныс істері департаментінің саптық алаңында 25 әскерге шақырылушыдан тұратын команданы Қарулы Күштер қатарына жіберудің салтанатты рәсімі өтті. Жас сарбаздар Алматы гарнизонында орналасқан «Райымбек батыр» атындағы десанттық-шабуылдау бригадасында әскери мамандық алатын болады.

Жастар орталығының қолдауымен ұйымдастырылған әскерге шақырылушыларды шығарып салу рәсіміне қалалық қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев, Қарулы күштер мен жергілікті соғыс ардагерлері кеңесінің төрағалары, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың туыстары мен жақындары қатысты.
Әскерге шақырылушыларға арнаған сөзінде қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев ертеңгі сарбаздарға әскери қызметтің басталуымен құттықтап, барлығына денсаулық пен жауынгерлік даярлықта табыс тіледі.
— Армия — әр жігіттің өміріндегі маңызды кезең. Әрбір ер адам қауіп төнген сәтте өз отбасын, Отанын қорғауға дайын болуы керек. Сіздер алдағы қызмет жылында азаматтық өмірде де пайдалы болатын маңызды және пайдалы нәрселерді үйренеді деп сенемін. Ал сіздердің біреулеріңіз үшін бүгінгі күн өміріңіздегі басты қадам болуы мүмкін. Қызметтеріңізді абыроймен орындап 12 айдан кейін, осындай құрамда қайта кездесуімізді күтемін, — деді полковник Әбдіғабит Шегебаев.
Қарулы Күштер ардагерлері қалалық кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев жас сарбаздарға барлық уақытта мемлекет алдында елдің қауіпсіздігін, халықтың бейбіт және гүлденген өмірін қамтамасыз етудің аса маңызды міндеті тұрғанын атап өтті.
– Өз Отаны мен халқын қорғау ер-жігіттің қасиетті парызы болып саналады. Біздің басты міндетіміз — ата-бабаларымыздан қалған мұраны қорғап келесі ұрпаққа жеткізу. Барлықтарыңыздың дендеріңізге саулық тілеп, табысты қызмет пен жақсы әскери маман болып оралуларыңызды тілеймін, — деді Серікбай Оңбаев.
Құрметті қонақтар мен туыстардан бөлек, болашақ жауынгерлерді қолдауға «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық сыныптарының тәрбиеленушілері мен қала жастары, сондай-ақ гарнизонның әскери оркестрі келді. Ал №68 орта мектептің шығармашылық ұжымы қонақтар мен әскерге шақырылушылар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Шымкенттің жергілікті әскери басқару органдарында әскерге ең үздік және дайындалған жастар ғана шақырылатынын атап өту қажет. Олар міндетті түрде мамандандырылған мекемелерде — психиатриялық, наркологиялық, тері-венерологиялық және туберкулезге қарсы диспансерлерде тіркеуде бар-жоқтығын анықтаудан өтеді.
Айта кетсек, бүгінгі таңда көктемгі шақыру науқаны аясында үшінші мегаполистен 18 бен 27 жас аралығындағы 200-ге жуық жас ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қатарына шақырылса, жалпы, көктемгі жоспарға сәйкес Шымкенттен 1000-ға жуық жігітті шақыру жоспарланған.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БҰХАР БҰҒЫЛАРЫНЫҢ САНЫ 200-ДЕН АСТЫ

Next Post

Шымкент: Сарбаздар әскери билеттерін алды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі