13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

40 жасында дүниеге үшем әкелді

4 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
40 жасында дүниеге үшем әкелді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте 40 жастағы келіншек үшем туды. Түркістан облысы Бәйдібек ауданының тұрғыны шекесі торсықтай 3 ұл баланы дүниеге әкелді. Батыр ана бүгін үйіне шығарылды. Көпбалалы отбасының қуанышын арна тілшісі де бөлісіп қайтты.

Жансауле Доспанова – 40 жасында дүниеге үшем әкелген батыр ана. Шекесі торсықтай үш бірдей ұлға жарық өмір сыйлаған келіншек бүгінде 8 баланың анасы атанды. Үшемге туыстары Нариман, Нұриман және Нұрман есімдерін қойған. Көпбалалы ана үшем босанатынын алғаш естіген кезде қобалжу мен қуаныш сезімінің қатар болғанын айтады.

Жансауле Доспанова, үшемнің анасы: «Жүктіліктің 1 айында ақ білдім. Ол кезде өзім денсаулығыма байланысты УДЗ-ға түскен едім. Сол кезде айтылды. Өте қуанышты болдық. Қуандық»

Жаңа туған нәрестелерді перзентханадан жақындары мен туыстары әуезді әнмен және шашумен шығарып алды. Қуанышқа бөленіп отырған отбасы «5 балалы болған соң, сәбилі болуды жоспарламай жүрген едік» дейді. Күтпеген жерден дүниеге келеген үшем мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан. Нәрестелер жансақтау бөлімі мамандарының ерекше күтімінде болыпты.

Эльмира Қожахметова, №2 облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері: «Перинаталдық орталығында айына жетпей 33 аптасында дүниеге келді. Нәрестелердің салмағы 1990 гр, 1975 гр және 1728 грамм болды. Бүгінде бәрі жақсы, аналарының сүтін ішеді. Мамасымен бірге үйіне шығарып салып жатырмыз»

Айта кетейік, №2 облыстық перинаталдық орталықта жыл басынан бері 24 егіз бен 1 үшем дүниеге келген.Шымкентте бала туу көрсеткіші өскен. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, былтыр жылдағыдан 5000-ға артық бала дүниеге келген. Сондықтан алдағы уақытта мегаполисте жаңа перинаталдық орталық салу жоспарлануда.Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда ең көп бала туылатын өңірлерді атады.Бюроның мәліметінше, 2023 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша халық саны 19 899 377 болған, оның ішінде 12 317 671 адам – қала, 7 581 706 адам – ауыл тұрғындары, 48,8% – ерлер, 51,2% – әйелдер.

Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 189,5 мың бала дүниеге келсе, оның 98 мыңы ұл, 91,5 мыңы – қыз. Туу коэффициенті 1 000 адамға шаққанда 19,20 туғанды құрады.

Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1 000 тұрғынға шаққанда 25,97 адам), Түркістан (25,46) облыстарында және Шымкент қаласында (24,70) тіркелді.

Көрсетілген кезеңде қайтыс болғандар саны 63,6 мың адамды құрады, ал 1 000 адамға шаққандағы өлім-жітім коэффициенті 6,44 адам. Осылайша, жарты жылда халықтың табиғи өсімі 125,9 мың адамды құрады.

Өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан (1 000 тұрғынға 11,07), Солтүстік Қазақстан (11,06) және Қостанай облыстарында (10,04) байқалды, бұл осы өңірлер халқының жас құрылымымен байланысты.

Биылғы алғашқы алты ай ішінде 1 жасқа дейінгі 1 454 нәресте шетінеп, 1 000 туылғанға шаққандағы нәресте өлімінің коэффициенті 7,67 болды.

Previous Post

Кәсіпкерлер палатасында «Жайлы мектеп» жобасына қатысушылар бас қосты

Next Post

ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі