13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік құтқарушылар Ақмола облысындағы ауылдарда су басу қаупінін алдын алып жатыр

4 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік құтқарушылар Ақмола облысындағы ауылдарда су басу қаупінін алдын алып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Ақмола облысы Аршалы ауданында су тасқыны қаупін жою үшін Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы 5 бірлік техника, 40 жеке құрам, 15 мотопомпа, 1 бірлік қайық жолданды.
Шымкенттік құтқарушылар Жібек жолы, Қостомар, Талапкер, Ыбырай Алтынсарин ауылдарында және Анар станциясында қар суын сору және жағаларды нығайту, қаптарды инертті материалдармен толтырып, оны төтенше жағдай аумағына төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде 5230 қап дайындап, 51950 текше метр су сорылды.
Асқар Шәріп, Шымкент қаласы ТЖД ресми өкілі: “Құтқарушылар 2 стратегиялық нысанды және Аршалы ауданы Жібек жолы, Қостомар, Талапкер, Ыбырай Алтынсарин ауылдарында және Анар станцияларында су басу қаупінің алдын алып жатыр”.
Еске салсақ, осыған дейін Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары су тасқынына қарсы күрес бойынша көмек көрсету үшін Аршалы ауданына барған еді. «Биылғы жылғы наурыздың 28-де қалыптасқан жағдайға байланысты 40 құтқарушы, 5 техника, 15 мотопомпа және 1 жүзу құралы бар Шымкент қаласының ТЖД күштері мен құралдары Аршалы ауданына көмекке келді», – деді ведомстводан.
Ал 2020 жылы Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері Мақтаарал ауданындағы су басқан елді мекендерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізген. 200-ден астам үй орналасқан Өргебас ауылында құтқарушылар қайықта тексеру жүргізіп, нәтижесінде жергілікті тұрғындарға көмек көрсетті. Су басқан үйлерден олар құнды заттар мен құжаттарды көшіруге көмектесті. Сондай-ақ, ауылды су ағысынан қорғау үшін құтқарушылар жергілікті тұрғындармен бірлесіп, жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізді. Барлығы 100 қап құм төселді.

Командалық-штабтық машинасы арқылы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің, Түркістан облысының және Шымкент қаласы ТЖ департаментінің басшыларымен байланыс орнатылды. Шымкент қаласының құтқарушылары су деңгейінің мониторингін және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда, оған жеке құрамнан 17 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды.

Previous Post

Жұмыс іздесең, «жастар практикасына» бар

Next Post

Отандық дәрі-дәрмек өндіретін іргелі кәсіпорында МӘМС мүмкіндіктері таныстырылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі