13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мамандық таңдауға бағыт берді

4 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Мамандық таңдауға бағыт берді
Share on FacebookShare on Twitter

Мамандық бір қарағанда жәй нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ ол бүкіл саналы ғұмырымыздың айнасы. Жүрек қалауыңмен таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеу – өмір сүрудің материалдық қана емес, моральдық та көзі. Ол белгілі бір дайындық пен жауапкершілікті талап етсе де, өзің қалаған мамандық болған соң, оған аса үлкен шығармашылықпен бар ғұмырыңды арнайсың. Бас кезінде дұрыс таңдау жасалған болса, онда адам Кен Робинсон айтып жүрген «өз элементіне» ие бола алады.Мамандық таңдау – тек оқу мен диплом алу ғана емес, бұл – өз өмір жолыңды дұрыс таңдау. Сондықтан болашаққа қадам басар кезде талапкердің де, ата-ананың да «жеті рет өлшеп, бір рет кескені» абзал.
Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Мамандық таңдау – болашақты таңдау» тақырыбында №66 Қазығұрт жалпы орта мектебінің бітіруші түлектерімен кездесу өтті.Бұл іс-шара жастардың мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына және әр мамандықтың алуан мүмкіндігін ашып көрсетуге бағытталған. Түлектермен кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Заманбек Орынбеков, PһD доктор, психолог, гештальт – терапевт Қазақстан психологтары бірлестігінің мүшесі Салтанат Асанова және «Alem» мектебінің директоры, педагог-психолог Алтынбек Боранбек келді.
Ашық диалог пен тәжірибелік кеңес алаңында жоғарғы сынып оқушылары еңбек нарығында қажетті дағдылар мен қасиеттер, бойдағы потенциалды дұрыс пайдалана білу жайлы құнды мәліметтерге қанықты. Психолог маманның кеңесін тыңдаған оқушыларды кездесуден соң Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің жұмысымен таныстыру мақсатында жақында ғана қолданысқа берілген өрт сөндіру депосына экскурсияға апарды. Жиын барысында «Жастар ресурстық орталығы» мен Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.
– Меморандум жоғары интеллектуалды, кәсіби дамыған, патриоттық сана-сезімі бар жастарды тәрбиелеуді көздейді, – дейді мекеме мамандары.
Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған жиын белсенді жастардың тәжірибе алмасып, бағыт-бағдар алуына мүмкіндік берді. Осындай іс-шаралардың көмегімен жастар әрбір мамандықтың артықшылығы жайлы ақпарат алып қана қоймай, өз қабілетін дұрыс бағытта қолданатын болады. Бұл – өз ісінің білікті маманы болам деген түлектер үшін маңызды қадам.

Previous Post

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы әлеуметтік салада да қолға алынған

Next Post

ЗИЯНДЫ ЕҢБЕККЕ ЕСЕЛЕП ТӨЛЕНЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі