13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАРҚЫНДЫ

4 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАРҚЫНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Үшінші мегаполистің әлеуметтік‐экономикалық дамуы қарқырды. 1 қыркүйекке қаладағы халық саны 1210,7 мың адамды құраған. Ал, халықтың табиғи өсімі 16914 адамды құрап отыр.Оң көші-қон айырмасы қалыптасқан ол 1545 адамды құрады.
II тоқсанда жұмыссыздар саны 21845 адамға жетсе, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны қыркүйектің соңына 15681 адамды құраған. Осылай мегаполитсің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баспасөз отырсын өткізген Ерназар Сейтханұлы әр саладағы статистикаға жеке-жеке тоқталды.Шымкент қаласы бойынша МКД басшысының орынбасары С. Ешанқұлов «Жергілікті табыс көздерін ұлғайту және жергілікті бюджеттің салықтық әлеуетін арттыру жөніндегі шаралар туралы» баяндама жасады.
2023 жылдың 9 айында бекітілген жоспар 195,6 млрд. теңге болған кезде нақты жергілікті бюджетке 222,0 млрд. теңге түскенін, жоспар 113% — ға орындалғанын, немесе 26,3 млрд.теңге қамтамасыз етілгенін атап өтті.
Заңды тұлғалардың мүлік салығын әкімшілендіру бойынша уәкілетті органдармен бірлескен жұмыс және объектілерді паспорттау жөніндегі жұмыс нәтижесінде олардың саны 18% — ға, ал түсімдер үлесі 25% — ға ұлғайғанына назар аударды.
Жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша жергілікті
органдармен жүргізілген түгендеу-салыстыру жұмыстарының арқасында салық салуға жататын меншік иелеріндегі үйлер мен гараждар саны 12% — ға, ал түсімдер үлесі 11% — ға ұлғайды.
Алымдар бойынша түсімдерді ұлғайту ЕАС елдерінен автокөлік құралдарын заңдастыруға байланысты біржолғы төлемдер есебінен, сондай-ақ берілетін рұқсат құжаттары үшін бақылау жұмысын күшейту есебінен жүргізілді.
Коммерциялық объектілерді әкімшілендіру, олардың бағалау құнын ұлғайту (2136 объект бойынша бағалау 17 есеге ұлғайтылды), тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтау, камералдық бақылау және т. б. Бағыттарда ауқымды жұмыс жүргізілгеніне назар аударылды.
Цифрлық шешімдер арқылы кәсіпкерлердің бизнесті басқаруына ерекше назар аударылады сонымен қатар » e-Salyq Business» — жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, чектер беруге, кірістерді есепке алуға, салықтарды есептеуге және т.б. мүмкіндіктеріне, «E-Salyq Azamat» — жеке тұлғалармен декларацияларды тапсыру, салық төлеу және басқа да жетістіктері бар екені ескерілді.

Previous Post

Жүрегі ауыратын 6 балаға жаңа әдіспен ота жасалды

Next Post

ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН АЛУ ЕРЕЖЕСІ ӨЗГЕРДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі