13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау науқаны жалғасуда

4 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау науқаны жалғасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл процесс 1-ші сәуір мен 31-ші тамыз аралығында жүргізіледі. Мектепке 6 жасар балалар мен биыл алтыға толатындар қабылданады. Баланы 1-сыныпқа қабылдау тәртібі қандай? Қандай құжаттар қажет?

1-ші сәуірден бастап ел мектептерінде 1-ші сыныпқа құжат қабылдау басталды. Бұл процесс 31-ші тамызға дейін жалғасады. Құжатты екі әдіспен тапсыруға болады. Сканерден өткізіп egov.kz порталы арқылы немесе тікелей мектепке барып өтініш қалдыру қажет.

Маржан Намазбаева, «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: «ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2018 жылғы 18 қарашадағы №564-ші бұйрығы негізінде барлық жерде қазір 1-ші сыныпқа қабылдау басталды. 1 сәуірден 31 тамызға дейін құжаттар қабылданады. Біздің лицейде де қабылдау басталды. Биыл 2 қазақ тілді, 1 орыс тілді сынып ашылады. Кешеден бері тапсырылған құжат саны 35-ке жуықтады. Ата-аналар бұрышында барлық ереже жазылған. Қажетті құжаттар – туу туралы куәлік, №065 нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама, баланың денсаулық паспорты, сурет 2 дана»

Салтанат Жолымбетованың 3-ші перзенті биыл мектеп табалдырығын аттайды. Бүгін ол қызының құжаттарын қаладағы №9 IT лицейіне тапсырды.

Салтанат Жолымбетова, ата-ана: «Мен осы мектепке 1-ші сыныпқа қызымды әкелдім. Маратова Мадина. Осы 9-шы мектепке қарасты мөлтек ауданның тұрғынымыз. Бүгін барлық қажетті құжаттарды дайындап, тапсырдым»

Білім беру ұйымын тұрғылықты жері бойынша таңдау шарт емес. Ата-ананың қалауына қарай таңдауға құқығы бар. Алайда өтінімді тек бір мектепке ғана жолдай аласыз. Қандай да бір себеппен ол білім ордасына құжат қабылданбаса ғана 2-ші рет басқа мектепке тапсыруға болады. Айта кетейік, кешеден бері Шымкентте 360-тан астам баланың құжаты қабылданып үлгерді.

Previous Post

Шымкентте Қытай компанияларының өкілдерімен В2В форматта форум өтті

Next Post

Жүрегі ауыратын 6 балаға жаңа әдіспен ота жасалды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі