13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: МӘМС мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жалғасуда

4 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: МӘМС мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жалғасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Сақтандырылған азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие. Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласындағы тың өзгерістер мен МӘМС жүйесі туралы мәліметтер бүгін «Мегаполис-Қазақстан» Сауда компаниясының қызметкерлерімен кездесу барысында талқыланды. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының мамандары аталмыш компания ұжымына МӘМС шеңберінде талап етуге құқылы қызмет түрлерін баяндап, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша халық саны 1 миллион 229 мың адамды құрайды. Тұрғындардың 80 пайызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған. 214 мың адам сақтандырылмаған. Мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлеуді жалғастыруда. Еліміздің үшінші мегаполисінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна төлеуден босатылған тұрғындар саны 720 735. Жалпы, халық санының 58,7 пайызын құрайды. Ақпарат үшін айта кетсек, жұмыс берушілердің аударымдары қызметкерлер жалақысының 3%-ын құрайды. |Аударымдардың ең жоғары сомасы 25 500 теңгеден аспайды. Бұл 10 ең төменгі жалақы көрсеткішінің, яғни 850 000 –ның 3% — ы. Биылғы жылы бір айлық ең төменгі жалақы көлемі 85 000 теңгені құрады. МӘМС жарналары мен медицина саласындағы маңызды мәселелер бойынша осы және өзге де мәліметтер бүгін «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалы өкілдерінің «Зерде -Фарма» ЖШС ұжымымен кездесуі барысында түсіндірілді. МӘМС жарналары төлеушілердің әр санаты үшін әр түрлі мөлшерде болады. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын қызметкерлер мен жеке тұлғалардың жарналары 2024 жылы олардың табысының 2% — ын құрады. Бұл ретте, егер жалақы мөлшері 10 ең төменгі жалақы мөлшерінен жоғары болса, онда тек осы сомаға ғана салық салынады және жарнаның ең жоғары сомасы 17 000 теңгені құрайды. Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатындардың жарналары 5 950 теңгені немесе 1,4 ЕТЖ-нің 5% — ын құрайды. Дербес төлеушілер үшін жарна сомасы 4 250 теңгеге тең (1 ЕТЖ-дан 5%).

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Аймақаралық форумда халықты ерте пісетін көкөністермен қамту мәселелері қарастырылды

Next Post

Шымкентте Қытай компанияларының өкілдерімен В2В форматта форум өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі