13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Өткен жылы қала аумағында 3 мыңға жуық қоқыс контейнерлері орнатылған

5 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Өткен жылы қала аумағында 3 мыңға жуық қоқыс контейнерлері орнатылған
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2023 жылы Шымкент қаласының аумағын санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысты. Шымкент қаласының экологиялық жағдайы және экология департаменті қабылдаған іс-шаралар тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Өңірлік коммуникациялық қызметі орталығында өткен конференцияда Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің басшысы Қозыбаев Ермахан Тастанбекұлы Шымкент қаласының экологиялық жағдайы және экология департаменті қабылдаған іс-шаралар туралы баяндады. Департамент басшысының айтуынша, Шымкент қаласының ортасынан ағып өтетін Қошқар ата өзеніне тоқсан сайын мониторингтік зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Кошқар-Ата өзені, 2023 жылы жоспарлы мониторинг бойынша 4 рет зерделеу жұмыстары жүргізілген. Зерделеу барысында Қошқар ата өзеніне темір жол маңындағы «Тиара» қонақ үйінің жанындағы белгісіз кәрізден және ескі қала аумағындағы өзен жағалауында орналасқан тұрғын үйдің (Бостандық көшесі, №27 үй) кәрізінен сарқынды су түсу деректері анықталған. Сондай-ақ, Шымкент қаласының атмосфералық ауасының жағдайы және ауаның ластануына «Казгидромет» мекемесінің 6 стационарлық бекеттері арқылы мониторинг жүргізілетін атап өтті департамент басшысы. Ластану 4 деңгеймен сипатталады: ластанудың өте жоғары деңгейі, жоғары деңгейі, көтеріңкі деңгейі және төменгі деңгейі. Жазғы уақытта, әсіресе түнгі уақытта ауаның ластануы мерзімді түрде жағымсыз иістің пайда болуымен сезіліп, нәтижесінде Департамент тарапынан 2023 жылдың 12 айында индустриалды аймақтардағы 13 кәсіпорынға тексеру жүргізіп, жалпы сомасы 32,2 млн теңгеден астам 29 әкімшілік айыппұл салынған. Экология департаменті мамандары 2023 жылы Шымкент қаласының аумағын санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысты. ЖАО-мен бірлесіп Департаменттің деректері бойынша анықталған стихиялық қоқыстарды жою бойынша рейдтер жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Ал «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру орындарының ғарыштық мониторингінің деректері бойынша есепті жылы рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын 26 нүкте анықталған. Ермахан Тастанбекұлының айтуынша, Шымкент қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтар Ақтас елді мекеніндегі ауданы 34 га қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына (ҚТҚ) жіберілген. 2023 жылы полигонға 240,745 мың тонна қалдық әкелінсе, оның 81,9 мың тоннасы сұрыптауға бағытталған. Алайда, қалдықтарды сұрыптау арнайы жабдықсыз, қолмен жүргізілуде. Жалпы 2023 жылы қала бойынша 2937 контейнер орнатылған. Пластикалық қалдықтарды жинау үшін 205, құрғақ және ылғалды фракциялар бойынша жинау үшін — 250, құрамында сынабы бар қалдықтарды жинау үшін – 50, нан қалдықтарын жинау үшін – 200 контейнер орнатылса, 2025 жылға дейін құрамында сынап бар қалдықтарды жинау үшін жыл сайын 50 контейнер орнату көзделуде.

Previous Post

МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ТҰТАСТЫҒЫ МЕН ТАРИХЫМЫЗДЫҢ БҮТІНДІГІН САҚТАУ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Next Post

​«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ»: Шымкентте 11 мыңға жуық азаматты оқыту жоспарланған

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі