13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды оңалту және банкроттық туралы істерді қарау тәжірбиесі бойынша мәжіліс өтті

5 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды оңалту және банкроттық туралы істерді қарау тәжірбиесі бойынша мәжіліс өтті
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қатысушылар күн тәртібіндегі мәселе бойынша өзара пікір алмасты. Шымкент қалалық сотында Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының ұйымдастыруымен «Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды оңалту және банкроттық туралы істерді қарау тәжірбиесі» тақырыбында мәжіліс өтті. Мәжіліске Шымкент қалалық сотының судьясы Тамара Смайлова, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық Экономикалық сотының төрағасы мен жергілікті соттардың судьялары, сонымен қатар Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Кәсіпкерлер палатасының, Адвокаттар алқасының өкілдері қатысты. Тамара Қалиқызы жиынды ашып, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды оңалту және банкроттық туралы мәселелер бойынша сот практикасын талқылаудың маңыздылығын атап өтті. Күн тәртібіндегі тақырып бойынша Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық Экономикалық сотының төрағасы М.Майсақанов пен судья Г.Жолбарыс және Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Заң басқармасының бас маманы М.Арысова баяндама жасады. «Оңалту рәсімі бойынша 2023 жылы барлығы — 31 арыз түскен, 7 — еуі кері қайтарылған, аяқталған істер саны – 20. Қысқартылғаны — 4, сот шешімі — 8, оның ішінде қанағаттандырылғаны – 7 және қанағаттандырудан бас тартылғаны 1-еу. Банкрот деп тану бойынша 2023 жылы — 275 арыз түскен, оның кері қайтарылғаны – 50. Аяқталғаны — 218, сот шешімі — 145, қанағаттандырылғаны — 129, қанағаттандырудан бас тартылғаны — 16, қысқартылғаны — 8, қараусыз қалдырылғаны — 65. Биылғы 3 айда оңалту рәсімі бойынша 11 арыз түскен, қайтарылғаны — 5, аяқталғаны — 8, қанағаттандырылғаны — 7, қараусыз қалдырылғаны — 1, қазіргі таңда қаралып жатқан істер саны — 3. Бір іс апелляциялық сот алқасына жолданған, қазіргі таңда алқаның қарауында», — деді Мәлік Майсақанов өз баяндамасында. Қатысушылар күн тәртібіндегі мәселе бойынша өзара пікір алмасты. Іс-шараны қорытындылай келе, Тамара Қалиқызы күн тәртібіндегі идеялар мен ұсынымдар келешекте сот жүйесінің дамуына дұрыс үлес қосатынын айтып, қатысушыларға пікір бөліскендері үшін алғысын білдірді.

Previous Post

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы әлеуметтік салада да қолға алынған

Next Post

МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ТҰТАСТЫҒЫ МЕН ТАРИХЫМЫЗДЫҢ БҮТІНДІГІН САҚТАУ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі